Геннадий Шиповских: Қаржы пирамидасына алданатындар көп

09 қараша 2023, 14:03


2023 жылдың 9 айында қаржы пирамидаларынан 2 мыңнан астам адам зардап шеккен. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Геннадий Шиповских айтты.
Депутат елдегі қаржы пирамидаларына қатысты қылмыс деңгейі төмендеп келе жатқанын атап өтті. Алайда соған қарамастан, зардап шеккендердің саны өсіп барады.
«Бас прокуратураның дерегінше, «Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету» бойынша 2021 жылы 233, 2022 жылы 104, ал биыл 9 айда 89 іс сотқа жіберілген. Аталған статистикаға қарасақ, жылдан-жылға қаржылық пирамиданың құрбандары азайып келе жатқан секілді көрінуі мүмкін. Ал сол пирамидалардан жапа шеккендердің тізіміне қарайтын болсақ, керісінше статистиканы байқаймыз. Мәселен, 2021 жылы зардап шеккендер саны – 1259, 2022 жылы – 892, ал биылғы тоғыз айда 2079 адамды құрап отыр. Аталған статистикада тек сот жәбірленуші деп таныған адамдардың тізімі көрсетілген», — деді депутат Қаржылық мониторинг агенттігіне жолдаған сауалында.
Сонымен қатар сенатор өзінің атына бірнеше кооперативтің 42 салымшысынан шағым келіп түскенін, онда азаматтар көмек сұрағанын атап өтті. Олар кооперативтерге ақша салған, бірақ уәде етілген тұрғын үй де, ақшалары да қайтарылмаған. Мемлекеттік «Борышкерлердің бірыңғай тізілімінің» деректері бойынша мұндай кооперативтер бойынша сот шешімі шығарылды, бірақ ол орындалмай келеді. 453 адам ақшасын қайтара алмай отыр. Жалпы шығын құны 1 млрд теңгеден асады.
«Қаржы пирамидаларына тосқауыл қоюға бағытталған қажет тетіктердің бәрі бар, сондай-ақ Парламент жағынан заңнамалық қолдау жасалған. Десе де, қаржы пирамидасы ұйымдарынан зардап шеккендердің саны азаяр емес. Не себепті осы күнге дейін қаржы пирамидасы ұйымдарын жеңе алмай келеміз?», — деп сұрады сенатор.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу