jasqazaq.kz

Генералды көзіне жас алдырған фильм

24 желтоқсан 2016, 21:40

Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев «Қазақ елі» сериалының кинофильм нұсқасы «Алмас қылыштан» алған әсерімен бөлісті.

«Фильм халқымыздың күші мен рухын айқын көрсете алған. Киноның премьералық көрсетілімі кезінде көзіме бірнеше рет жас келді. Әсіресе, Қасым мен Мұхамед анасының қазасының алдында оның тілегін міндетті түрде орындауға уәде берген кезі қатты әсер етті. Кинокартина көрерменді сол кезеңге алып кетеді. Тіпті, залда отырғанда қолыңа қылыш алып, ата-бабаңмен бір сапта тұрып, жауға қарсы Отаның үшін соғысқың келіп кетеді»,-деді Бақытжан Ертаев.

«Алмас қылыш» фильмін режиссер Рүстем Әбдірашев түсірген. Фильмнің республикалық деңгейдегі премьерасы 2017 жылдың 5 қаңтарына жоспарланған.

 

baistars.kz

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді