jasqazaq.kz

Газдың шығу қаупін анықтайтын заманауи мобильді зертхана таныстырылды

08 тамыз, 12:20

Әр үйді көгілдір отынмен қамтамасыз ету – бүгінде еліміздің үшінші мегаполисінде жемісті түрде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық бағдарламаның маңызды бір бөлігі. Осы орайда соңғы жылдары Шымкент қаласындағы шағын аударды газдандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Газдандыру тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасауына қоса, шаһардың экологиялық тазаруына да оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Дегенмен күнделікті тұрмысты жеңілдететін көгілдір отынды пайдалануда ең алдымен қауіпсіздік мәселесіне айрықша мән берілуі тиіс. Шымкент қаласында бұл мәселе де ескерусіз қалмапты. Технология көз ілеспейтін шапшаңдықпен дамып жатқан қазіргі заманда қауіпсіздікті қаматамасыз ету қиындық тудырмаса керек. Соның бірі — газдың шығуын қашықтан анықтайтын мобильді құрылғы.

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табиғи газдың шығу қаупін қашықтықтан анықтауға арналған лазерлік технологиялармен жабдықталған зертхананың жұмысымен танысты.

Елді мекендерді газдандыруда қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызы зор. Бұл ретте заманауи ДЛС-АВТО («Пергам») мобильді зертханасы ұтымды шешім ретінде қарастырылып отыр. Зертхананың жүйелері 60 метрге дейінгі қашықтықта метан газын дәл анықтайды.

Зертхана жер асты газ шығу қаупін ешбір контактісыз диагностикалай алады. Бұл өз кезегінде аяқ астынан орын алатын төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, газдың шығуын қашықтықтан анықтайтын осындай озық жүйені бүкіл ел бойынша алғашқылардың қатарында Шымкент әкімдігі жүзеге асырып отыр. Бұл қадам Шымкент сияқты шаһардың инженерлік жүйелерін дамытып, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласының әкімдігі

17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет