jasqazaq.kz

Ғани Бейсенбаев мектепке хиджаб кию мәселесіне нүкте қойды

12 тамыз 2025, 13:38

Бүгін брифингте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа «мектепке хиджабпен келуге бола ма» деген сауал қойылды. Бұл сауалға министр былай деп жауап берді: «Өздеріңізге мәлім, Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында міндетті мектеп формасына қатысты барлық қажетті құқықтық нормалар бекітілген. Мектеп өз жарғысына және заңнамалық актімен бекітілген ішкі ережелеріне сүйене отырып, мектеп формасының қатаң сақталуын талап етуі тиіс. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ескерту жасағым келеді: заңда мектеп формасын сақтамаған жағдайда ата-аналарға заңмен белгіленген жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Сондықтан мектепің ішкі ережесін бәріміз қатаң сақтауымыз қажет».

Ғани Бейсембаев бұл тек хиджаб немесе орамал тағуға емес, жалпы білім беру ұйымдарындағы мектеп формасын қатаң сақтау талаптарына қатысты екенін ескертті.

Осыдан кейін «мектепке хиджаб кию» мәселесіне нүкте қойылуы тиіс.

JQ-Aqparat

Сурет: ortcom.kz

19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр