Ғани Бейсембаев: Білім басқармалары қауіпсіздік мәселесін жіті бақылауы керек

10 қазан 2023, 16:16

Оқу-ағарту министрлігінде өткен аппарат жиналысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

«Мониторингінің нәтижесі көрсетіп отырғандай, білім беру ұйымдарында техникалық жарақтандыру және лицензияланған күзет мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысында әлі де айтарлықтай кемшіліктер бар екенін байқап отырмыз. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету қолға алынбаған жағдайда тиісті шаралар қабылданады. Алматы қаласында зақым алған балаға дер кезінде тиісті көмек көрсетілмегені туралы естіп отырсыздар. Сондықтан балаға қауіп төнгенде немесе жарақат алғанда тиісті әрекеттерді жасауды естен шығармау керек. Бала жарақат алған жағдайда мұғалімдер жедел жәрдем шақырудың орнына бүлдіршінді екінші баламен қосып, үйіне қайтара салу – бұл ешқандай жол берілмейтін жағдай», — деді министр.

Ғани Бейсембаев білім басқармалары қауіпсіздік мәселесін жіті бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.

«Қазір кейбір білім мекемелерінің басшылары сол орындағы балалардың қауіпсіздігі тікелей бастықтың міндеті екенін әлі де түсінбейтін, білмейтін сияқты көрінеді. Сондықтан барлық білім ордаларының басшылары мектепте қауіпсіз орта құрумен қатар сапалы білім беруді қамтамасыз ету екенін тағы да еске саламын», — деп мәлім етті ведомство басшысы.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді