Йетилердің ондаған сүйек, тіс, тері және шаш үлгісін зерттеген ғалымдар олардың аю екенін дәлелдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Гималай мен Тибеттен әкелінген йетилердің сүйек, тіс, шаш үлгілерін зерттеген британиялық ғалымдар олардың шын мәнінде аю екенін анықтады. Мамандар барлығы 24 үлгіні зерттеген екен. Олардың тоғызы аюларға, ал біреуі итке тиесілі.
Кей үлгі адамдар мен жылқыға тән. Мамандар өз зерттеулерінде қар адамының реликтивті гоминид еместігін дәлелдеді. Йетилер туралы аңызды жоққа шығарған ғалымдар, аюлар туралы жаңалық ашқан.