Ғаламдық деңгейдегі жоба! Полиэтилен заводы салынады

17 қазан 2023, 15:12

Алдағы жылы елімізде полиэтилен шығаратын кәсіпорынның құрылысы басталады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Sinopec компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ма Юншэн мұнайгаз химиясы саласындағы аса маңызды жобаны талқылады.

Aqorda хабарлағандай, Президент кездесуде Sinopec-тің полиэтилен өндірісі жобасына толыққанды серіктес ретінде қатысуы еліміздің қытайлық компаниямен орнықты ынтымақтастығының жарқын дәлелі екенін атап өтті. Қ. Тоқаев осыған орай, «Біз компанияның Қазақстан мен Қытай арасындағы екі жақты қарым-қатынасты дамытуға, сондай-ақ еліміздің мұнай-газ саласына саласына қосқан үлесінжоғары бағалаймыз» деді.

Ма Юншэн компанияның зауыт құрылысын 2024 жылдың екінші жартысында бастауға ниеттеніп отырғанын хабарлады. Бұған қоса, Атырау мұнай өңдеу зауытының базасында терефталь қышқылы мен полиэтилентерефталат өндірісі кешенін салу жоспарланған.

Айта кеткен жөн, еліміздің мұнай-газ химиясы саласында ғаламдық ауқымдағы мұндай жоба болған емес. Жобаның құны 7,7 млрд долларды құрайды. Жоба іске қосылғанда кәсіпорында 1,25 млн тонна полиэтилен өндіріледі.
Бұған дейін Атыраудағы KPI («Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ) кәсіпорнында полипропилен өндіру жобасы іске асырылған болатын.

JQ-Naryq

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді