Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы халықаралық «Төрт ұлт» турнирінде Иранға есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бірінші тайм 1:1 есебімен аяқталды. Алайда, ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Иран құрамасы сапынан соғылған бір гол оларға жеңіс сыйлады.
Енді Қазақстан құрамасы 6 желтоқсан күні соңғы турда Әзербайжан құрамасымен ойнайды.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші ойында отандастарымыз Ресей құрамасымен 3:3 есебімен тең ойнаған болатын.
Бұл турнир Қазақстан құрамасы үшін Еуропа чемпионаты алдындағы дайындық кезеңінің бірі. Еуропа біріншілігі 2018 жылдың 30 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында Словенияда өтеді. Топта отандастарымыз Ресей және Польша құрамаларымен ойнайды.
Иран — Қазақстан — 2:1 (1:1)
Голдар: Тайеби 4 (1:0), Дуглас 14 (1:1), Исмаилипур 40 (1:2)
Ескертулер: Ахмади 21 — Дуглас 11
Иран: М.Мохаммади, С.Мохаммади — Хасанзаде (к), Исмаилипур, Ахмади, Тайеби, Рафие, Шаджири, Алиджадр, Джавид, Оладжоба, Оруджи, Сангсефиди, Аббаси
Қазақстан: Игита, Шамро — Жаманкулов, Лео, Есенаманов, Дуглас, Кнауб, Төреғазин, Сүлейменов (к), Першин, Таку, Тұрсағұлов, Акбаликов, Оразов