jasqazaq.kz

«FSM Social» — әлеуметтік көмекті цифрландыру жолындағы жаңа қадам

21 шiлде, 16:00

Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау процесін оңтайландыру мақсатында «FSM Social» пилоттық жобасы іске қосылды. Жоба Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында жүзеге асып жатыр. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жобаның аясында учаскелік комиссиялардың жұмысы мобильді қосымша арқылы толық цифрландырылды.

Жоба шешім қабылдау үдерісін жеделдетіп, формальды тексерулерді болдырмауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған. Қосымша өтініш берушінің нақты орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, отбасының материалдық жағдайы фотофиксация арқылы тіркеліп, арнайы тексеру актісі жасалады.

Қаланың әр ауданында бекітілген мобильді топтар (барлығы 752 лауазым) қиын жағдайға тап болған отбасыларды дер кезінде анықтап, кешенді көмек көрсетуге жұмылдырылған.

Пилоттық жоба Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 27 наурыздағы №1441 қаулысы негізінде бекітілген. Жобаны Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының үйлестіруімен «Отбасын қолдау» орталығы жүзеге асыруда. Қалада қазіргі таңда бір ғана орталық жұмыс істейді.

Жоба шеңберінде денсаулық сақтау, білім беру, ішкі істер және пробация қызметтерінің өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. 552 қызметкер арнайы оқытудан өтті. Бүгінде жүйеде 240 мемлекеттік мекемеден 1 297 қызметкер тіркеліп, жұмыс атқаруда. Жүйеге 1 547 отбасы туралы ақпарат енгізілген. Оның ішінде 1 199 отбасы әлеуметтік кеңес алған.

Мемлекеттік мекемелерден келіп түскен 348 сигналдың 58-і пробация қызметінен тіркелген. Бұл азаматтардың көпшілігі жұмыссыздық пен материалдық қиындықтарға тап болған. Аталған мәселе бойынша еңбек мобильділігі орталығы мен аудан әкімдіктеріне тиісті ақпарат жолданды. Нәтижесінде 4 адам жұмыспен қамтылып, бірқатар отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Орталық тарапынан құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмек те көрсетіліп жатыр. Алайда кейбір азаматтардың банк шоттарының бұғатталуы олардың жұмыспен қамтылуына кедергі келтіруде.

Бибайша Нұржанқызы,

Шымкент

Бүгін, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы