Forbes тізіміндегі бай БЖЗҚ-ны үптеп кеткен бе? (Видео)

31 қазан 2023, 11:53

Қаржылық мониторинг агенттігі «Delta Bank» ісіне қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.
ҚМА баспасөз қызметі хабарлағандай, 2012-2017 жылдар аралығында кәсіпкер Нұрлан Тілеубаев (Forbes рейтингіне енген) қайтарылмайтын несие беру арқылы банктен қаражат алып шығарған.
Тергеу барысында Н.Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу жөнінде санкция берілді.
Оның ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен $5 млн болатын Palm Jumeirah орналасқан вилла бар.
Сонымен қатар, Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы Латвияда орналасқан «Вентспилс астық терминалының» 100% үлесін қамауға алу санкцияланды.
Бұл ретте Н.Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан Проблемалық несие қорына берілді.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Сот үкімімен Н.Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылған.
Н.Тлеубаев пен оның компанияларының заңсыз қызметінен «ҚазИнвестБанк» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «БЖЗҚ» АҚ зардап шеккен.
Қаржылық мониторинг агенттігі тарапынан активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу