jasqazaq.kz

Финалға тас-түйін дайынбыз – ҚР көкпар құрама командасының аға жаттықтырушысы

11 қыркүйек 2024, 15:56

Ертең, «Қазанат» ипподромында қазақстандық көкпаршылар Қырғызстан көкпар командасымен алтын жүлде үшін таласады. ҚазАқпарат тілшісіне ҚР көкпар құрама командасының аға жаттықтырушысы Омарбек Еркебай шабандоздардың дайындығы туралы айтып берді.

«Ресей командасымен кездесіп, ақтық сынға жолдама алдық. Топтық кездесулерде үлкен қарсылас болмады. Бүгінгі ойынға аса дайындықпен шыққанбыз. Өйткені Ресей командасында өнер көрсетіп жүргендердің көбі қырғыз бауырларымыз. Аттары да қырғыз елінің аттары. Ойын тең дәрежеде өтеді деп ойлағанбыз. Жалпы осы көшпенділер ойындарына тыңғылықты дайындалдық. 5 рет оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Жігіттеріміз де, аттарымыз да сақадай сай, тас-түйін дайынбыз. Ертең осы құраммен қырғызстандық көкпаршылаға қарсы тұрып, бірінші орын алу үшін додаға түсеміз», — дейді ол.

Омарбек Еркебай сонымен бірге АҚШ тан келген көкпаршылардың ойыны туралы пікір білдірді.

«Америкалық көкпаршылар осымен үшінші рет көшпенділер ойындарында өнер көрсетіп жатыр. Ұлттық спортымызға қызығушылық танытып, үйреніп жатқаны үшін алғыс айтамыз. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер. Қанша дегенмен ата-бабаларынан келе жатқан қанында бар спорт түрі болмағандықтан қазақ пен қырғызға қарсылас бола алады деп айта алмаймын», — дейді ҚР көкпар құрама командасының аға жаттықтырушысы.

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді