Фархат Қалиев: Сахнада халыққа пранк жасадым

07 қараша 2023, 11:53


Kalifarniya лақап атымен танылған Фархат Қалиев алғаш концерт берген кезде, жары мен ұлын сахнаға шығарып халыққа не себепті пранк жасағанын айтты. Бұл туралы өнер иесі Қызық times бағдарламасында әңгімеледі.
Әншінің айтуынша, сахнада халықтың қолдауын сезіну үшін, өзінің танымалдылығын арттыру үшін осы әрекетке барғанын жеткізді.
» Сахнаға халыққа пранк жасап, 2022 жылы мамыр айында әйеліммен ұлым деп алып шықтым. Ол кезде Анель екеуміз жүріп бастаған кезіміз. Мен Анельге ескертпегенмін. Анель менімен жүріп жүреді, ол осы жағдайды көріп шок болады. Негізі бұл пранк еді», — дейді әнші.
Әнші концерт кезінде қатты қобалжып сондықтан халықты жоғалтып алмау үшін осындай әрекетке барғанын жеткізді.
«Бұл сценарийдан тыс жағдай болды. Менің алғашқы концертім болғандықтан мен ол жерде қатты қобалжыдым. Концерттің бірінші бөлігінде мен халықты ұстай алмай, шашыратып алдым. Өз-өздерімен әңгіме айтып,мен одан ары қобылжып, дірілдедім. Сахнадан шығып кеттім, екінші бөлігін жалғастыратын кезде, сахна сыртында киім ауыстырып жүргенде менің командам маған концерттің бірінші бөлігінде кеткен қателікті ұмыттырып жіберу үшін сахнаға әйелім мен ұлым деп таныстырып алып шығу керек болды. Жарайды деп сахнаға шықтым. Ол жерде ұстап тұрған қыз бен ұл біздің достарымыз. Сахнада оларды таныстырғаннан кейін мен халыққа пранк деп айтуды ұмытып кеттім. Анельге оны айтып түсіндіргенде жоқпын, бірақ қасындағы құрбылары оған бұл пранк деп түсіндіріп жатқанын естідім. Бұл жағдайдан кейін өтірік айтпау керектігін түсіндім. Соның салдары әлі тиіп келеді. Менің бұрын ешқандай да әйелім, ұлым болмаған. Біріншісі Анель», — дейді Фархат Қалиев.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу