jasqazaq.kz

ЕҰУ студенттері еліміздің көне және жаңа тарихымен танысты

28 шiлде 2025, 16:49

Осы күндері Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасы студенттерінің Ақмола гарнизонындағы шабуылдаушы-десантшылары бөлімнің базасында далалық оқу жиыны өтіп жатыр. Олар далалық жағдайда екі жыл бойы кафедрасы қабырғасында алған теориялық білімдерін іс жүзінде пысықтайтын болады. Сонымен қатар, студенттер оқу бағдарламасына сәйкес Астана қаласының мәдени-тарихи ошақтарында болып, еліміздің көне және жаңа тарихымен танысты.
Мысалы, ҚР Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына барғандағы мақсат жастардың патриоттық сезімін арттыру, ел әскери тарихы мен төл Қарулы Күштердің рөлін тереңірек түсіну болып табылды.
Мұражайда ежелгі дәуірлерден бастап қазіргі заманғы дейінгі әскери өнердің дамуы, түрлі қару-жарақтардың үлгілері, құнды артефактілер, тарихи құжаттар мен басқа да жәдігерлер қойылған. Студенттер үшін бұл экскурсия тарихи оқиғаларды көзбен көргендей әсер қалдырып, ата-бабалардың ерліктерін тікелей сезінуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, әскери кафедраның студеттері Қазақстан Республикасы Президеттік орталығының музейіне де сапар шекті. Экскурсияның жалпы тақырыбы – қазіргі Қазақстанның қалыптасуындағы Президент институтының рөлін ашатын мемлекетіміздің тарихына қатысты болды.
Бізге бәрінен бұрын «Қазақстан Республикасы президенттік институты» деп аталатын зал ұнады. Онда көне қазақ мемлекетінің орны бейнеленген ортағасырлық еуропалық карталар, көне түркі империясының штандарты, Абылай ханның қылышының фрагменті, қазақ хандарының мөр сақиналары және тағы басқа жәдігерлер орналасқан.
Бұдан бөлек біз «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» (ҚР мемлекеттік рәміздері, ұлттық ғарыштық бағдарлама, ұлттық валюта, мемлекеттік шекараның бекітілуі, этносаралық келісім) және «Заманауи Қазақстанның астанасы» бөлімдерінен көп мағлұматтар алдық.


Мұндай іс-шаралар жеке тұлғаның тарихи білімін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар оның азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, әскери дағдыларын шыңдауға және отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал ететіні анық.

Жансерік Исмағұлов,
ЕҰУ әскери кафедрасының студенті

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді