jasqazaq.kz

EXPO қонақтары Байқоңырдан зымыран ұшырылғанын көре алады

24 желтоқсан 2016, 13:08

Қазақстанның туристік қауымдастығының директоры Рашида Шәйкенованың айтуынша, ЭКСПО көрмесі кезінде Астана мен Алматыдан Байқоңырға тікелей әуе рейстерін ашу қиындау болады.

Дегенмен, бүгінде туристерді көлікпен апарып, зымыран ұшырғанды көрсету қызметі бар, деп xабарлайды Ұлт.кз тішісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Бүгінде біз Байқоңырмен тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Оған Роскосмос та атсалысуда. Атап айтқанда, Ресей ғарыш айлағына кіруге рұқсат беру мерзімін қысқартуға келісім берді. Қазақстанның туристік компаниялары ішінен осы рұқсатты ала алатындар іріктелді. Дегенмен, басқа компанияларға үшін шектеу жоқ. Әрине, туристер Байқоңырға зымыран ұшыруды көру үшін барғысы келеді. Сондықтан бүгінде біз зымыран ұшырғанда туристерді жіберіп отырамыз. Алайда көлік саласындағы проблемалар да жоқ емес», — деді Р.Шәйкенова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Оның айтуынша, бұған дейін Қазақстанның туристік қауымдастығы Алматыдан Төретамға (Байқоңырға жақын орналасқан елді мекен — авт.) дейін «Тұран» пойызын жіберуді ұсынған болатын. Жол-жөнекей Тараз бен Шымкент сияқты қалаларда тоқтап, туристерге көрсетуге болар еді. «Оның бір жақсы жері — әрі пойыз әрі отель. Онымен Төретамға дейін барып, ары қарай туристерді Байқоңырға апаруға болады. Жалпы, ЭКСПО кезінде туристерге Байқоңырды көрсетуге мүмкіндік бар. Бірақ көліктік логистика сын көтермейді. Алайда әуе рейстері ашыла ма, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз», — деп атап көрсетті ұйым басшысы.

Айта кетейік, ЭКСПО-ны ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері көрме кезінде Байқоңырға ұшатын «Астана — Байқоңыр-Астана» мен «Алматы -Байқоңыр-Алматы» тікелей әуе рейстерін ашуды ұсынып отыр. Бұдан бөлек, Байқоңыр ғарыш айлағында туризмді дамыту бағдарламасын бекіту шараларын шапшаңдату қажет. Осы орайда шетел азаматтарының ғарыш айлағына кіруіне рұқсат беру мерзімін 45 күннен 14 күнге дейін қысқартқан жөн.

 

ult.kz

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті