jasqazaq.kz

“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)

02 мамыр 2025, 15:32

Jas Qazaq тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов ұлттық құндылықтарымыздың қазақ эстрадасындағы орны жайлы ой толғап, өз тәжірибесімен бөлісті.

-“Ұлытау” тобын құрдым. Содан бері 25 жыл өтті. Енді қарасам, этнопоп деген жанр пайда болды. Қобыз, домбыра ұстағандардың көбі осы бағытта өнер көрсетіп жүр,” — дейді Қыдырәлі Болманов.

Оның айтуынша, 90-жылдары қазақ тілінде ән шырқайтын бірде-бір топ болмаған. Егемендік енді ғана жарияланған шақта Қыдырәлі Болмановтың бастамасымен құрылған “АБК” тобы сол кезеңдегі тың серпін болды.

-“Сол жылдары қазақша ән айтатын топтар жоқ еді. Біз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында “АБК” тобын ашып, жігіттермен сахнаға шықтық. Содан бері қазір эстрадамыз 100 пайыз қазақыланды деуге болады,” — деп еске алды ол.

Сұхбат барысында Қыдырәлі Болманов эстрададағы тағы бір тың құбылыс — отбасылық дуэт форматы туралы да айтты. Оның пайымдауынша, мұндай дәстүр әлем елдерінде кездесе бермейді.

-“Бір құпия ашайын ба? Отбасылық дуэт деген формат әлемде жоқ. Ресейде де, Америкада да ондай үрдіс жоқ. Бұл — тек Қазақстанға тән. Мен Қанат пен Айткүл апайды айтпаймын. Олар — этнодуэт. Домбырамен өнер көрсетеді. Ал біз — сахнада махаббат пен отбасылық үлгіні көрсеттік. “Мені сүйген жүрегіңнің лүпілінен айналайын” дегенді жұбайына айтпағанда кімге айтады? Осындай әндер идеология ғана емес, мәдениет те. Өйткені Отан — отбасынан басталады. Ал отбасы қандай болуы керек? Біз оны сахнада көрсетіп келеміз. Дәл қазір Қарақат екеуміздің артымыздан тура біз секілді 49 дуэт шықты. Бұл — біз үшін үлкен қуаныш,” — деп түйіндеді ол өз сөзін.

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге