Есірткі тасымалдаған қылмыстық топ құрықталды (Видео)

26 қазан 2023, 15:25

Жамбылдық полицейлер Қазақстанның басқа облыстарына есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Polisia.kz хабарлағандай, 22 қазанда Жамбыл облысының ПД қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысының аумағында 33 жастағы Байзақ ауданы тұрғынының басқаруындағы Алматыдан Ақтөбеге бағыт алып бара жатқан SCANIA R480 жүк көлігі тоқтатылды. Тінту барысында көліктен төрт қорап табылып, тәркіленді. Оның ішінде жалпы салмағы 5 келіге жуық марихуана есірткі заты болған. Сол күні Байзақ ауданының тағы үш тұрғыны есірткімен ұсталды. Олардың тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шаралары кезінде марихуана мен гашиш есірткі заттары салынған 9 қап табылып, тәркіленді. Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 140 келіден асады, бұл аса ірі көлемге жатады.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу