jasqazaq.kz

Есікте қыз зорлады деп айыпталған жігіттер кінәсін мойындамай отыр

12 қараша 2016, 11:57

Есік қаласында топтасып қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынған 4 жігіт өз кінәларын әлі де мойындамай отыр. Себебі, олар жәбірленуші Жібек Мусинованың келісімімен жыныстық қатынасқа түстік дейді. Сондықтан бұл әрекеттерін қылмыс деп санамайды екен. Бұл туралы  ктк хабарлайды.

zhibek

Соған қарамастан олар енді 11 жылға сотталуы мүмкін. Себебі, сотта прокурорлар төртеуіне де осындай ауыр жаза кесуді сұрады.

Сот процесі аяқталуға жақындаған соң көптің көзінен тасада жүрген күдіктілердің туыстары да тыпырши бастады. Себебі, ұлдарының ұзақ мерзімге сотталып кетуінен қауіптенген ата-аналар тергеу қорытындысына көңіліміз толмайды дейді. Өйткені жәбірленуші Жібек Мусинованы төрт жігіттің топтасып зорлағаны қисынға келмейді деп отыр. Яғни ұсталғандардың бірі қыздың келісімімен жыныстық қатынасқа түскен екен. Сондықтан істің қайта тергелуін талап етуде.

Айыпталушылар Алмас Ермеков, Асхат Бектұрсын, Ербол Ермеков және Нұрбол Алтай. Оларға қатарынан төрт бап бойынша айып тағылып отыр: адам ұрлау, жыныстық мәнжегі зорлық көрсету және бұзақылық. Жібек әр сот тыңдалымына қасына бір топ адам ертіп келеді. Ал күдіктілердің туыстары болса тағылған айыптармен келіспей отыр.

“Олар сол күні кеште бірге отырып, арақ ішкен. Ал ортасындағы бір жігітпен өзінің келісімімен жыныстық қатынасқа түсіпті. Енді неге қылмыс деп аттандайды”, – дейді айыпталушының әпкесі Толқын Шорманова.

Күдіктілердің туыстарының ойынша Жібектің анасы ақша табу үшін осындай дау тудырып отыр. Ол барлық жігіттердің жақсы табысы бар отбасынан шыққанын пайдаланып кетпекші дейді.

“Тіпті сараптаманың өзі барлық жігіттердің таза екенін көрсетіп берді. Көліктен де еш айғақ таппады. Енді қалайша көлік ішінде зорлады деп растай салады. Әрі олар төртеу болса”, – дейді айыпталушының туысы Роман Амантаев.

“Бір адамның өтірік айтқаны үшін соттай ма? Мен қазір барып мені зорлады деп кез-келген адамды көрсетем соны соттай ма?”, – дейді Толқын Шорманова.

Жібек Мусинованың зорланғанын жұртқа жайған оның анасы болатын. Гүлбадар Мусинова отыз жастағы қызының аяусыз зорланғанын айтып әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялаған. Осыдан кейін іс қоғамдық дау тудырып, артынша төрт жігіт қамауға алынды. Содан бері үш ай өтсе де, айыпталушылардың туыстары тыныштық берер емес дейді жәбірленуші.

“Мен қазір қатты қорқамын. Себебі зорлықшыларды қолдап жүрген жігіттер маған қоқан-лоққы көрсетуде. Егер төртеуі сотталып кетсе көресені көрсетеміз деді. Сондықтан өзім ғана емес отбасым үшін де алаңдаймын”, – деді Жібек Мусинова.

Осындай қорқытып-үркітулерден кейін жәбірленушілер сотқа жалғыз келуден қорқып қалыпты. Сондықтан Жібек Мусинованың жақтастары процесске плакат ұстап келген. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ деп ұрандатқан жастар Жібектің басындағы жағдайдың қайталанбауын талап етуде.

Ал айыпталушы төрт азаматтың тағдыры келесі аптада шешіледі. Прокурор олардың әрқайсысын 11 жылға соттауды сұрады. Енді судьяның қандай үкім шығаратыны 15-ші қарашада белгілі болмақ.

 

stan.kz

13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік