Ержан Байтілес — Президент Баспасөз хатшысының орынбасары

14 қыркүйек 2023, 12:56

ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына Ержан Байтілес тағайындалды.

«Белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне кірісті. Ол бұған дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып еңбек еткен болатын», — деп жазды Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.
Ержан Байтілес «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілшіліктен бастап журналистиканың барлық сатысынан өткен тәжірибелі журналист.
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары ретінде қоғамдық жұмысқа да белсенді араласқан. Президент Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі қызметін атқарған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісінің Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болған.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді