Ерұлан Жамаубаев: Сингапурмен экономикалық байланыс артады

20 қыркүйек 2023, 12:00

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сингапурлық «Surbana Jurong Group» компаниясының бас директоры Шон Чао мырзамен кездесті.

Кездесу барысында электр энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері, көлік инфрақұрылымы, сумен жабдықтау саласындағы ынтымақтастық бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Ерұлан Жамаубаев 2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2021 жылмен салыстырғанда 65,1%-ға өсіп, $1,9 млрд-қа жеткенін атап өтті. Қазақстан экономикасына сингапурлық капитал инвестициясының тұрақты өсімі байқалады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында $92,2 млн жиналды. Ал жалпы 20 жылдан аз уақыт ішінде Сингапурдан $1,2 млрд тартылды.

Сондай-ақ ол бүгінде Қазақстанда сингапурлық капиталдың қатысуымен 200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті.

«Біз Орталық Азиядағы инвестициялық көшбасшы болып қалу үшін шетелдік инвестициялардың ағынын қолдауға қажетті барлық мүмкін шараларды қабылдаймыз», — деді Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар вице-премьер Сингапурдың Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы негізгі серіктес ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Шон Чао Қазақстан мен Сингапур аймақтарын түрлі салалардағы көп жылдық тығыз ынтымақтастық байланыстыратынын, оны кеңейту үшін жеткілікті әлеует бар екенін жеткізді.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді