«Ертіс орманы» қызметкерлері заңсыз ағаш кесті деген күдікке ілінді

25 қыркүйек 2023, 10:04

Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Ертіс орманы» қорығының ерекше қорғалатын аумағында ормандарды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау мақсатында кешенді жедел-іздестіру шарасын жүргізді. Осылайша, 18 қыркүйекте облыс прокуратурасының келісімімен «Ертіс орманы» қорығында ауқымды операция жүргізілді.

Полиция қызметкерлері 20-ға жуық рұқсат етілген тінту жұмысын жасады. Оның ішінде Шалдай және Бесқарағай орман шаруашылығы, «Ертіс орманы» республикалық мемлекеттік мекемесінің өзі, сонымен қатар бірқатар басшының тұрғылықты жері бар. Тінту кезінде құжаттамадан басқа (шот-фактуралар, есепке алынбаған ағаш материалдарын шығару туралы жазбалары бар дәптер және басқалары), атыс қаруы, оқ-дәрі және басқа да заттай айғақтар тәркіленді.

«Қазір Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Болжам бойынша, заңсыз ағаш кесумен Ресейдің «Ертіс орманы» мемлекеттік мекемесінің шенеуніктері айналысады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сай, өзге мәліметтер жарияланбайды», — делінген Polisia.kz хабарламасында.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді