jasqazaq.kz

Ермек Дарменов: «Ерекше балаларды спортқа тарту — біздің негізгі міндетіміз»

11 қараша, 16:16

Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі балалар мен азаматтарды спортқа тарту, олардың дене шынықтыруға қолжетімділігін арттыру және кәсіби деңгейде дайындау бағытында соңғы жылдары ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл бағытта қаланың арнайы спорт мектептері, жаттықтырушылар құрамы және жаңа инфрақұрылым жобалары маңызды рөл атқарады. Осы мәселелер төңірегінде Jas Qazaq тілшісі Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ермек Дарменовтен сұхбат алып, қаладағы параспорттың қазіргі ахуалы мен даму бағыттары туралы егжей-тегжейлі сұрап білді.

— Ермек Аманжолұлы, Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі балалар мен азаматтар үшін қанша спорттық үйірме немесе секция жұмыс істейді?
— Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеуліазаматтарға арналған спорт түрлерін дамыту, кеңінен наихаттау және спортпен айналысуға жағдай жасау мақсатында қалалық «Мүгедектігі бар адамдарға арналған №19 спорт мектебі жұмыс жасайды. Мекеменің негізгі мақсаты: Дене шынықтыру және спортпен айналысуға жағдай жасау. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының құрамын толықтыру үшін спортшыларды және Халықаралық деңгейдегі спортшыларды дайындау. Онда паралимпиадалық, сурдолимпиадалық, паралимпиадалық емес және спешиал Олимпикс бөлімдерінде 28 жаттықтырушы 388 спортшымен оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде. Жалпыспорт түрлері бойынша 55, оның ішінде спорттық сауықтыру тобы-37, оқу жаттығу тобы – 11, спорттық жетілдіру тобы – 7 топ бар.
Спорт мектебінің 4 бөлімінде спорттың 18 түрі дамытылады. Атап айтар болсақ: суға жүзу, жеңіл атлетика, үстел теннисі, садақ ату, голбол, таэквандо, шоудаун, еркін және грек-рим күресі, футбол, футзал, дзюдо, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, пара би, армрестлинг, пауэрлифтинг.

— Параспортты дамыту бағытында қандай спорт түрлері бойынша жаттығу жүргізіледі және оларға қатысушылар саны қанша?
— Қала аумағында паралимпиадалық 7 спорт түрі, атап айтқанда пара жүзу, пара жеңіл атлетика, пара үстел теннисі, пара таеквондо, голбол, пара садақ ату, отырып ойнайтын волейбол және паралимпиадалық емес 5 спорт түрі, яғни шахмат, дофбы, тоғызқұмалақ, пара би, армрестлинг сынды 12 спорт түрінен 159 спортшымен 16 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізеді.
Сондай-ақ, жаттықтырушылар жоспар бойыншабіліктілік арттыру курстарынан өтеді, адаптивті дене шынықтыру тақырыбында семинарларға үнемі қатысады. Жаттықтырушылардың ішінде: ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы атағы бар-1, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері-2, ҚР спорт шебері атағы бар-5,ҚР спорт шеберіне кандидат-3 жаттықтырушы бар.

— Ерекше жандарға арналған спорттық инфрақұрылым, арнайы жабдықталған залдар, спорт алаңдары жеткілікті ме?
— Спортшылардың оқу-жаттығу сабақтары дене шынықтыру нысандарының  мүгедектігі бар адамдарға арналған стандартқа сай жабдықталған спорт кешендерінде, арнайы спорт құралдарымен жабдықталған залдарда келісім-шарт негізінде өткізіледі. Ерекше жандарға арналған спорттық инфрақұрылымның қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында 2026-2027 жылдары аралығында спорт кешенінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда, Паралимпиадалық, сурдолимпиадалық спорт кешенінің құрылысын жүргізуге қала аумағынан көлемі 5 га жер телімі анықталып, қазіргі кезде жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

— Қала спортшыларының арасынан республикалық немесе халықаралық деңгейде жетістікке жеткен параспортшылар бар ма?
— Қала спортшылары жыл басынан республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып, 42 алтын, 39 күміс, 17 қола медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар, 2022 жылы Бразилия елінің Кашиас-ду-Сул қаласында ХVI-ші Сурдлимпиада Ойындарына қаламыздың еркін күрес спортшысы Рсалы Сабыржан күміс медаль жеңіп алса, Пернеш Шадияр 65 кг салмақта 5 орыннан көрінді.

— Алдағы уақытта ерекше балалар мен жандарды спортқа тарту үшін қандай жаңа жобалар немесе мемлекеттік қолдау шаралары жоспарланып отыр?
— Қазіргі таңда, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды спортқа тарту бағытында бірқатар жаңа жобалармен қолдау шаралары іске асырылуда. Атап айтқанда:
-Арнайы бейімделген спорт инфрақұрылымын дамыту;
-Паралимпиалық және сурдлимпадалық спорт түрлерін дамыту,
-Әлеуметтік тапсырыстар аясында тегін үйірмелер ұйымдастыру;
-Республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуға қолдау көрсету.
Бұл шаралар ерекше қажеттілігі бар балалар мен азаматтардың спортпен тұрақты шұғылдануына және қоғамға бейімделуіне мүмкіндік береді.
Жалпы азаматтарды спортқа тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.
Сондай-ақ, жергілікті әкімдік тарапынанда өз деңгейінде қолдау көрсетілуде.

— Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Олжас Әбдіхалық

14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған