Ерлікке тағзым етті

16 қараша 2023, 16:56


Бүгін Астана қаласындағы Жерұйық саябағында орналасқан 28 панфиовшы жауынгерлер ескерткішінің жанында «Ерлік ешқашан ұмытылмайды!» атты әскери-патриоттық акция болып өтті. 1941 жылы дәл осы күні Екінші Дүниежүзілік соғыс тарихындағы шешуші сәттердің бірі –Москва түбіндегі шайқаста Дубосеково разъезі түбінде 28 панфиовшы жауынгерлер асқан ерлік үлгісін көрсетіп, өздерін өшпес даңққа бөледі.
Генерал-майор И.В.Панфилов басқарған қазақстандық 316-атқыштар дивизиясы әскери жарғы бойынша 8-12 шақырым майдан шебін қорғауға тиіс болатын. Ал 1941 жылдың күзінде дивизия 41 шақырым майдан шебі бойынша қорғанысты жанқиярлықпен қамтамасыз етіп тұрды.


Салтанатты шараға ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері генерал-майор Марат Нагуманов, авиация генерал-майоры Алсай Жұманов, Астана қаласы мәслихатының депутаты Динара Оразалина, Ауған соғысы және аумақтық қақтығыстар ардагерлері, Астана қаласының әскери кафедраларының басшылары мен студенттері, ҚР ҚМ Әскери колледжі ұландары, мектеп оқушылары және мұғалімдері қатысты.
Екінші Дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең сұрапыл, ең ауыр, ең көп адам шығыны болған соғыс болып қалады. Алты жылға созылған соғысқа әлемдегі 1 миллиард 700 миллион халқы бар 61 мемлекет, яғни адамзат баласының 80% пайызы қатысты. Әуеде, жерде және теңізде жүргізілген ұрыс қимылдарына 120 миллион адам жұмылдырылды. Адамзат 55 миллион адамнан айрылды.


Ерлікті еске алу шарасында сөз сөйлегендер енді мұндай сұрапыл соғыстың қайталанбауын тілеп, аға ұрпақтың ерлігін мәңгі есте сақта мен жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеудің маңызды екенін атап өтті. Бір минуттық үнсіздік рәсімін кейін ҚР ҚК Әскери оркестрі ойнап, жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Аталған шараның қарсаңында Астана әкімдігінде қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдаулет Әлмұхановтың ұйытқы болуымен алқалы жиын өткен еді. Оған қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Еділов, «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Молдағалиев, ауған соғысы мен аумақтық қақтығыстар ардагерлерінің, Чернобль апатын жоюға қатысушылардың, тәжік-ауған шекарасында және Иракта бітімгершілік миссиясын орындаған жауынгерлер ұйымдарының басшылары қатысты. Онда осы ұйымдар мен бірлестіктердің мақсаты ортақ, идеясы бір екені айтылды. Ендеше бір жағадан бас, бір жеңнен қолы шығарып, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру ісін жұмыла атқаратын кез келді деген ой айтылды. Сол үшін әрбір ұйым өз ұсыныстарын ортаға тастайды, соның барлығын жинақтап, пысықтаған соң алдағы 2024 жылға бірлескен іс-жоспар жасалатын болады. Жиынға қатысушылар осындай тоқтамға келіп, тарқасты.

Ә.Смайылов

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу