jasqazaq.kz

Ерлан Қарин: соңғы 7 жылда еліміздің азаматтығынан шығуға берілген өтініштер саны 25 есе азайды

24 қараша 2025, 17:42

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды.
Мемлекеттік кеңесші кейінгі 7 жылда еліміздің азаматтығынан бас тартқан адамдардың саны тұрақты түрде азайып келе жатқанын атап өтті.
Мысалы, соңғы 7 жылда азаматтықтан шығуға берілген өтініштер саны 25 есе азайды. 2019 жылы 1,7 мың адам азаматтықтан бас тартса, 2020 жылы – 944, 2021 жылы – 123, 2022 жылы – 114, 2023 жылы – 107, 2024 жылы – 77, ал 2025 жылы 68 адам азаматтықтан шыққан.
Мұның бәрі Қазақстан азаматтығы институтының абырой-беделі артып келе жатқанын көрсетеді. Елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай мен Мемлекет басшысының реформалары тұрғындарға зор сенім ұялатып отыр.

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda.kz

16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді