Ерлан Қарин Президенттің бүгінгі сөзінде айтылған идеологиялық басымдықтарды атап көрсетті

24 қазан 2023, 13:23

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Республика күніне арналған бүгінгі сөзінде айтылған идеологиялық басымдықтарды атап көрсетті, деп хабарлайды Kazinform.

«Мемлекет басшысының Республика күніне арналған бүгінгі сөзінде ішкі және сыртқы саясатқа, әлеуметтік-экономикалық саясатқа және аймақтарды дамытуға қатысты тұшымды ой-пікір айтылды» дей келе, Ерлан Қарин Президент баса мән берген өте маңызды 5 идеологиялық басымдықты атап көрсетті:

1. Біз жалпыұлттық басты құндылығымыз – Тәуелсіздікті қастерлеп, қорғауымыз керек. Сол үшін салиқалы сыртқы саясат жүргізіп, еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтаймыз.
2. Қоғамда радикализмнің, экстремизмнің, құқықтық нигилизмнің және тұрмыстық вандализмнің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік үстемдік құруға тиіс. Елдегі тұрақтылық пен береке-бірлік – егемендік мен мемлекеттілікті сақтаудың маңызды алғышарты.
3. Соңғы жылдары іске асырылған өзгерістерден кейін өткенге енді қайта оралмаймыз. Реформалар халықтың саяси сана-сезімін едәуір өзгертті. Жұртымыз мемлекетті басқарудың бұрынғы тәсілін қайтаруға жол бермейді.
4. Бүгінгі жастар – Қазақстанның келешектегі келбеті. Елімізді дамыту жолында жас ұрпақтың жасампаз қуаты маңызды рөл атқарады. Сондықтан Мемлекет басшысы өз сөзінде жастарға арнайы үндеу жолдады.
5. Адал еңбек пен жауапкершілік игі істердің ұйытқысы болуға тиіс. Қоғамда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуі керек. Биыл 298 мұғалім мен дәрігердің, 259 ауыл еңбеккерлерінің, 119 еңбек ардагерлерінің, 88 өндіріс саласы қызметкерлерінің мемлекеттік наградалармен марапатталуы кездейсоқтық емес.
Мемлекеттік саясаттың мазмұны мен ішкі мақсат-міндеттері осындай мызғымас құндылықтарға негізделеді.

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу