jasqazaq.kz

Ерлан Қарин: «Парламенттік реформа» атты арнайы бөлімге ұсыныс жолдап, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға үлес қосуға болады

15 қазан 2025, 14:54

Кеше Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысы өтіп, онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар міндеттерге тоқталған болатын. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Телеграм-каналында Парламент реформасына қатысты жазба жариялады. Онда былай делінген:
«Мемлекет басшысы Жұмыс тобының алғашқы отырысында ел азаматтарының Парламенттік реформаны талқылауға қатысуы маңызды екенін атап өтті.
Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік e-Otinish платформасында және eGov сервисінде азаматтардың парламенттік жүйені жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын жинау ұйымдастырылады. Олар «Парламенттік реформа» атты арнайы бөлімге ұсыныстарын жолдап, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға үлес қоса алады.
Парламенттік реформаны мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог арқылы жүзеге асыру Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарына толық сәйкес келеді».
JQ-Aqparat

Сурет: aqorda.kz

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді