jasqazaq.kz

Ақсақал тоқал керек дейді

01 наурыз 2017, 23:17

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданындағы Зертас ауылының тұрғыны Құттыбек Аташов тоқал алу әрбір ер-азамат үшін маңызды екенін алға тартты. Бұл туралы «Замана» басылымы жазады.

nur.kz хабарлағандай, «кейінгі кездері көп әйел алу туралы сөз жиі қозғалып жүр. Меніңше, бұл өзі қоғамға керек нәрсе. Ең бастысы, еркекке керек, қартайғанда қор болмас үшін. Сүйіп қосылған ерлі-зайыптының жұбайы күйеуіне оны қор қылмайды-ау деп өзі таңдап әйел әпереді. Өйткені еркек өліп кетсе, әйел аса қинала қоймайды, келінімен сөзі жарасып кете береді, жақсы сыйласса, ауырып жатып қалған жағдайда келіні оған қалай қараса да ұят болмайды. Ал еркек әйелінің артында қалса, оған қартайғанда қиын, оның жағдайын келіні жасай алмайды. Басқасын айтпағанда, үлкен дәрет, кіші дәрет деген бар, өздігінен оған шамасы жетпесе, келіні оған қалай қарайды? Құдай басқа салмасын, осыны көзіңізге елестетудің өзі қорқынышты. Ал мұндай жағдайға ұшыраған адамдарды өмірден талай көргенбіз», — дейді Құттыбек Аташов.

Қария «жақсы жар күйеуіне тоқалды өзі әпереді» деген пікірде.

«Сондықтан күйеуінің кейінгі халін ойлаған әйелдер оған тоқал әпереді, ал қор болып өлсін дегендер екінші әйел әпермейді. Біле білген әйелге күйеуі – пірі, жарын дұрыстап күте білген әйел жәннатқа барады. Дінде осылай айтылған. Мұны есте ұстау керек. Әрине, бас салып әйел ала беру керек демеймін. Көп әйел алудың өзіндік жауапкершіліктері де бар, еркек соның үдесінен шыға алатын болуы керек. Бұл енді өз алдына бөлек әңгіме», — деп ойын білдірді ақсақал.

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті