
Париж олимпиадасының чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов шетелде бірнеше ай тұрып келгеннен кейін өз әсерімен бөлісті. «Бірге бір» бағдарламасына берген сұхбатында ол ағылшын тілін соншалықты жетік меңгермегенін айтып:
«Лондонда төрт ай тұрып келдім. Ағылшыным керемет деп айта алмаймын. Нан сұрай аламыз, барсақ аштан қалмаймыз. Ағылшын тілінде еркін сөйлеп кетуге төрт ай өте аз. Қазір онлайн оқуды қолға алып жатырмын», — деді.
Сондай-ақ ол Батыстың менталитеті бізге ұқсамайтынына тоқталды: Біз «еліміз дамыса, еліміз неге дамымайды» деген сұрақтарды көп көтереміз ғой. Шетелге барып келгенге қарағанда барып тұрған бір бөлек әсер береді екен. Мен ол жақтың қоғамы, тұрмыс тіршілігі, адамдарын көріп, «дамыған ел осындай болса, біздің мемлекет дамымай қоя тұрсыншы» деген ниетте келдім. Өйткені еркегі қайсы, қызы қайсы, қайсы жұп, қайсы жұп емес, ажырата алмайсың. Соны көзіммен көріп келдім. Бала жетектеген адамға қарағанда ит жетектеген адам көп. Біз қызығатын дүние емес. Сондықтан сол нәрселерді көзіммен көргенде жиіркенішті болып көрінді. Шынымен де даму жолы осындай болатын болса, біз дамымай-ақ қояйық дедім. Өйткені оның ішінде менің бала-шағам бар. Балаларымды, болашақ немерелерімді осындай қалпында көргім келмейді».
JQ-Aqparat
Сурет: ҰОК