Ерке Есмахан: Үкіметтің ақшасын, артық етпес бөпенің несібесі ғой

27 қазан 2023, 15:49

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.

— Күн қалай өтуде, қазір не істеп жатырсыз?

— Аллаға шүкір, махаббатқа бөленіп бөпе де, мен де үйде жатырмыз. Кітап оқимын, сериал қараймын, өзіме күтім жасаймын. Күйеуім жұмыстан бос кезде қасымда. Мүсілім де енді демалыс басталады.
Қазір шәй, тамаққа тойып алып отырмын. Жұмағым жұмаға кетті. Дұға тідектері қабыл болсын.
— Қан тобыңыз қандай?
— Қанымның өзі еррекше ғой. 4-ші отрицательная.
— @aminovaoff_ оқырманым, мына сұрағыңыздың астарында өз өміріңізге көңіліңіз тоймайтын тұстар кеудеңізді күйдіріп тұрғанын сездім.
— Әрине, өмірде бәрі идеально емес. Бірақ бақытсыз боп жүрген адам шынайы, ал бақытты өмір сүріп жүргендер неге жасанды болып көрінеді?
Өзім үшін жауап берейін. Аллаға шүкір, менде бәрі орнымен. Бақыттымын деп күнде жар салғым келмейді желіге. Сіз сияқтылардың сөз көзінен қорқамын. Сол үшін желіге тіршілігімнің 40-50 пайызын ғана көрсетемін. Соның өзі бүкіл желінің әңгімесіне азық.
Жан мен тән тыныштығының үйлесімділігін тапқан жан мен боламын. Шүкір. Сіздерге де соны шын жүрегіммен тілеймін.
— Бөпеңізді бесікке бөлейтін ойыңыз бар ма?
— Күйеуіміз екеуміз өр өрме боп жүрміз осы бесіктің шаруасына келген кезде. Мен смарт бесік болсын, өзі тербетіліп тұра береді деймін. Ол қолмен тербететін бесік дұрыс, бесіктің қызығы сол ғой деп отыр. Әлі бір шешімге келмедік. Тек бөпе бесікке жатары анық.
— Жаңа жылдық түсірілімдерде сізді көреміз бе?
— Білмеймін, тіпті. Ән, түсірілім, концерт той дегенді ұмыттым ғой. Осыдан босанып алайын, сосын үйтем-бүйтем деген іште жоспар көп. Бір кішкентай адамның қасынан шықпай деп отырып қалмасам.
— Осы үйде тұра бересіздер ме, бала туылған соң?
— Әрине, тұра береміз. Бұл үйді кезінде мен кредитке алып содан жүрдім ғой қанша жыл төлеп. Жұмыс жоқ, үйде отырып қалғанда пендемия кезінде қалай қиналдым, әлі есімде. Раймға күйеуге шығып, арқа сүйеп, жағдайым жақсарып қалды. Күйеуім кредитті жауып, документті банктен алып бергенде қуанышымда шек болмаған. Шүкір. Қазір ештеме ойламайтын, рахат. Так что пока тұрамыз осы үйімізде, шырайын шығарып, бөпеге тышқызып, сигізіп.

-Декретный ақша аласыз ба?

— Врачым, Айгүл ханым, қоймай жасатып жатыр. Аламын үкіметтің ақшасын, артық етпес бөпенің несібесі ғой, — дейді өнер иесі.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу