Ерке Есмахан: Түсінемін, сіздердің ақшаларыңыз көп (Видео)

01 қыркүйек 2023, 10:11


Әнші Еске Есмаханның әлеуметтік желіде жиналған жұртшылықтан шуламауын өтініп жатқан бейнежазбасы жарияланды.
Оқиға Қаламқас кен орнында болған. Әнші сахнада тұрып концерт көруге келген қауымнан шуламай, ән тыңдауын өтінеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от АҚТАУ | АКТАУ ☀️ (@aqtau_live)

«Бүгін сіздермен жүздесу бұйырыпты. Айқайламаңыздар! Түсінемін, сіздердің ақшаларыңыз көп. Барлығыңызда 1,2,3 телефоннан бар. Камераға түсірмесеңіздер болмай ма? Одан да ән шырқап, би билейік. Келістік пе? Телефондарыңызды алып тастаңыздаршы, өтінемін. Біз сіздермен жиі кездеспейміз ғой», – дейді.
Ерке концерттен кейін ертеңіне өзіне қолдау білдірген жұртшылыққа алғысын білдірді.
«Ұйқымнан тұрып, Аллаға шүкіршілік айтып, көңілім босап отыр. Мүмкін, гормондардан да шығар. Себебі сіздердің мыңдаған жылы тілегіңізді оқып, жүрегім қуанышқа толып кетті. Жүктілігіме, әнге, бейнебаянға, отбасымызға аямай лебіз білдіріп жатырсыздар. Сіздерге Алла разы болсын! Бар жақсы сөздеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтсын. Тіл-көзден аман болайық», — деп жазды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз