Ерке Есмахан: Сіздер әлі сол айналып кеп жасты ойлайсыздар

13 қараша 2023, 14:23

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.

— Ойбу елдің қызық әңгімесі сені аңдып туғаның ғой.
— Менде туып болмай миды ашыттым ба? Өзім соңғы апталарда барымша есте сақтап, қызықты сәттер өткізудемін. Әкесі менен қатты дайындалып жүр. Бөлмесін жабдықтап, бәрін қолымен жасап. Көрсетемін сосын. Көп зат алып жатқан жоқпыз, орын алмасын деп. Тек керегін ғана. Үйде атмосфера осындай.
— Туған күніңізге туыңыз подарок?
Сосын өмір бойы бір-бірімізге жағаласып жүреміз бе?
Жооо-оқ! Мен өзімді жақсы көретін, эгоист адаммын. Өз туған күнім өзіме қалсын. Тек менің күнім болып. Барымша туған күніме жеткізбеуге тырысам, Алла бұйыртса.
— Үйіңізде всегда музыка ойнап тұрады ғой. Құран тыңдайсыз ба, жәй сұрақ?
— Әрине! Оған қоса, шаңырағым жұма сайын оқылатын құраны бар. Бірге интернеттен қарайтын ислам уағызы, жолдасымның 5 уақыт намазы бар, шәй, тамақтан соң міндетті түрде батасы бар. Шүкір.
— Неге бірге ешқайда шықпайсыздар той концерт?
— Шақыртулар өте көп. Түсірілім, сұхбат, кино премьера ашылулар, фэшн показ, туған күн, той тағысын тағы. Барлық шақыртуларға алғысымыз шексіз. Менің аяғым ауыр болғандықтан, көбісіне бара алмай қалып жатырмын. Ал жолдасым жұмысымен қалада болмай қалады.
— Енді жолдасыңыздың намазы ол ақыретінің азығы ғой, ал сіз ше?
— Менің мақсатым – жолдасымның разылығын алу. Алла бұйыртса. Ал 5 парызым үшін уайымдамаңыз.
— Жасы кіші жігітке күйеуге шықты дегендерге не дейсіз?
— Әлемде, біздің Қазақстанда, кейбір жанұяларда қандай жауыздық болып жатқанын көріп, біліп отырсыздар. Еркектің қолынан қаншама әйел, бала қорлық көріп жатыр. Бақытты болуы немесе шаңырақтың шайқалуы ештемеге қарамайтынын қалай әлі түсінбейсіздер. Қаншама ес жиған орта жасқа келген ерекектер әйелдерінің өмірін бұзып, үзіп жатыр. Ер адамның әйелін аялауы, сүюі, бағалауы, аманатын қорғауы жүрегіндегі иманы мен тәрбиесіне байланысты ғой. Ал сіздер әлі сол айналып кеп жасты ойлайсыздар. Ақыл жаста емес, баста!
— Гүлназ Жолановамен араласпай кеткенсіздер ме?
— Араласамыз, әрине. Екеуміздің де өміріміз 180 градусқа өзгеріп, көп уақытымыз жоқ кездесуге. Бірақ әрқашан хабардамыз.
— Кіндік мама, папа белгілеп қойдыңыздар ма?
— Осыны кеше ғана ойланып едік. Білмей тұрмыз әлі. А ол болуы прям міндетті ме?
— Ютубта сүйінші сұрап жатыр ғой. Ерке босаншы деп, Аллам жеңілдігін берсін! Жеңіл толғақ берсін!
— Ия, соны көрген туысқандарым хабарласты, ой рас па деп. Ерінбейді екен сондай жасайтындар. Не деп жатыр қыз ба, ұл ма?

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу