Ерке Есмахан: Өте қымбат киім киетінімді білесіздер

16 қараша 2023, 11:49

Әнші Ерке Есмахан инстаграм желісінде сахналық киімдерін сататынын айтты.
“Жаңадан киім шкафын жасатып едім. Кішкентай болып қалды. Киімдерімнің жартысы ғана сыйды. Қалған көйлектерімді сатуға шығардым. Тастайтын киімдерім де бар. Алла кешірсін, ысырап болып жатыр. Сөмкелерім де өте көп. Екі көмекшім жинап үлгере алмады. 10 сөмке киім дайындап қойдым. Жүктілігіме байланысты салмақ қосқан едім, сол үшін де біраз киімдерім сыймай қалды. Бұрын сіңлілеріме беретін едім, қазір олар да кимейді. Тегін дүниенің қадірі болмайды дегендей өте арзан бағаға сатуға шығарамын. Ескі киімдер емес. Бір рет қана киілген арасында мүлдем киілмеген көйлектер де бар. Қимастық сезім болып тұр ішімде. Әр көйлекке қарап, қаншама той, концерт, кештер есіме түсті. Өте қымбат киімдер киетінімді білесіздер”, – деді Ерке.
Әншінің оқырмандары жарыса жазып жатыр. Алайда әнші оқып үлгермейтінін айтты. “Маған жазғаннан түк пайда жоқ. Көмекшілерім 1-2 күнде нақты хабарын айтады. Арнайы киімдерімді сататын сатушы жалдадық. Сол келіп бәрін алып кетеді, парақшасына салғанда хабарлаймын”, – деп оқырмандарын сабырға шақырды.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу