Ерке Есмахан: Мәңгі бірге болады деген қағида жоқ қой

02 қазан 2023, 14:51

Танымал әнші Ерке Есмахан ажырасу тақырыбын қозғап, оқырмандарының сұрағына жауап берді. Бұл туралы ол Instagram желісінде бөлісті.

«Иә, алда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Сол үшін абайлап сөйлеп, аңдап басқан жөн. Алланың өз есебі бар. Мен өз темамды айта кетейін. Қарап тұрсаңыздар, біздің жас аралығымызға көбі тиіседі. Мысалыға, жастары қатарлас, күйеуі үлкен немесе әйелі, жас жұптар мәңгі бақи бірге болады, бақытты болады, ажыраспайды деген қағида жоқ қой?! Өмірде куә боп жүрсіздер неше түрлі тағдырға. Бұл дегенім — қыздар жас жігітке күйеуге шығыңдар деген де емес. Просто бақыттың кілті жасқа, ұлтқа байланысты емес дегім келеді. Жүректің тыныштығын, сыйластықты, құрметті, түсіністікті, іңкәрлікті ұштастыру оңай емес. Ал махаббат дегеніміз — екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы деген екен. Барлығы екі адамға байланысты. Жанұя болу — үлкен еңбек», — деп жазды әнші.

Сондай-ақ, Ерке Есмахан жақсылық тілеген оқырмандарына алғыс айтты.

«Сондықтан шаңырақ көтерген әр жанұяға бақыт тілеп өтейік. Ажырасып, басына сынақ келген әр жанға Алла бәрін қайырымен қылсын деп тілеймін. Тілектеріңізге рахмет. Алла бұйырса, екі дүниеде де бірге болу — арман, мақсатымыз», — деп жазды өнер иесі.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді