jasqazaq.kz

Ерік Рахым: Интернет журналистика қазір телеарнаның алдын орап кетті

05 ақпан 2017, 14:04

– Ерік, oinet.kz ақпараттық-сараптамалық сайтына бас редактор болып барып жатыр екенсің. Құтты болсын! Әуелі осы oinet.kz ақпараттық-сараптамалық сайты жайлы айтып өтсең. Қашан құрылған, мазмұны қандай?

– Рахмет, Oinet.kz сайты ақпараттық агенттік ретіндегі куәлікті 2014 жылы алған. Тіркелген жері – Алматы қаласы. Ақпараттық-сараптамалық деп атауы айтып тұрғандай, негізінен осы екі бағытта жұмыс істейді. Қазақ және орыс тілдерінде шығады. Құрылтайшылары да «өз ауылымызда» жүрген ұлтжанды азаматтар. Журналистиканың не екенін менен артық білмесе, кем білмейді.

Тіркелгеніне екі жылдан енді асса да, сайтымыздың тәп-тәуір танымалдығы бар. Бірқатар белгілі порталдар Oinet.kz-де жарияланған материалдарды көшіріп басады. Оны өз мысалымнан білемін. Бас редактор болып келмей тұрғанда-ақ Ойнетке мақалаларым жарияланып тұратын. Кейбір журналистер жеке өзіме хабарласып, сайтта жарияланған мақаламды өз сайттарына көшіріп басуды сұрайтын. Ендігі менің мойныма артылған міндет – сол танымалдықты одан әрі арттыру.

– Өзіңді қалың оқырман «Жас Алаш» газеті арқылы біледі. Интернет журналистиканың артықшылығы, кемшілігі неде?

– Интернет журналистиканың артықшылығы оның оперативтілігінде. Газет былай тұрсын, интернет журналистика қазір телеарнаның да алдын орап кетті.

Көпшілік сайттар «ақпараттық-сараптамалық» деп аталғанымен, құрғақ ақпаратты жарыса таратудан әріге аса алмай жүр. Сараптама жоқтың қасы. Әзірге мен көрген кемшілік осы.

– Бас редактор ретінде oinet.kz-ке қандай өзгерістер жасау ойда бар? Жоспарың қандай?

– Базарға келген адам ең алдымен әдемі нәрсеге көз тоқтатып қарайды. Одан кейін сапасын тексереді. Ұнатса, сатып алады. Ұнамаса, басқасын іздейді. Бұқаралық ақпарат құралы да – тауар. Сондықтан, ең алдымен сайттың түр-келбетіне, одан кейін жарияланатын материалдардың мазмұнына баса көңіл бөлеміз.

– Осы қазақ сайттарының жиі сынға ұшырап, мазмұн жағынан ақсап жатуының себебі неде деп ойлайсың?

– Көр-жердің бәрін жаза бермей, жарияланатын дүниелерге талғаммен қараса жеткілікті.

—  oinet.kz өзге ақпараттық сайттардан несімен ерекшеленеді? Сайттың өз жолын табуда қандай қадамдар жасалады?

– Сараптама мен журналистік зерттеуге көбірек көңіл бөлсек дейміз. Белгілі сарапшылар мен журналистерді автор ретінде тарту ойда бар.

– Уақыт тауып, әңгімелескеніңе рахмет!

Өміржан Әбдіхалық

qazaqtimes.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда