jasqazaq.kz

Ерекше жандарға қолдау – Шымкент бюджетінің басым бағыты

10 қыркүйек, 14:37

Шымкент – халқы ең қарқынды өсіп келе жатқан қала. Сондықтан да әлеуметтік мәселелердің ішінде ерекше жандарды қолдау, инклюзивті білім беруді дамыту және жұмыспен қамту бағдарламалары күн тәртібінен түспейді. Қала бюджетін жоспарлау барысында осы бағыттарға қаншалық қаражат бөлінеді? Инфрақұрылым қаншалық дамып жатыр? Осы сұрақтарға Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев Jas Qazaq тілшісіне жауап берді.

– Ерлан Бастарұлы, қаладағы білім беру саласына биыл қанша қаражат қарастырылған? Инклюзивті білімге қанша үлес тиеді?
– Жалпы білім беру саласына 287 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның ішінде инклюзивті білім беру мен ерекше жандарды қолдауға 9,3 млрд теңге жоспарланып отыр. Бұл – жалпы бюджеттің 3,2 пайызы. Оның ішінде:
— оңалту орталығында дамуында проблемалары бар 167 балаға — 481,9 млн. теңге;
— мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мемлекеттік тапсырыс бойынша 1 000 балаға — 1,3 млрд теңге;
— психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне — 932,5 млн. теңге;
— санаториялық бала бақшалардағы 620 балаға — 1,6 млрд теңге;
— жалпы орта мектептеріндегі 522 штаттық бірлік мұғалім логопед, дефектолог, педагог ассистенттің жалақы қорына — 1,2 млрд теңге;
— 5 арнаулы интернаттардағы 868 балаға – 3,7 млрд теңге бөлініп отыр

— Еңбекпен қамту және масылдықты азайтуға бағытталған әлеуметтік жобалардың бюджеттегі үлесі қандай?

– 2025 жылы жұмыспен қамтуға 8 млрд теңгеден аса қаражат жоспарланып отыр. Бұл шамамен бюджеттегі үлестің 1 пайызына тең. Нәтижесінде 9,5 мыңға жуық азамат жұмысқа тартылмақ. Оның ішінде:
— Қоғамдық жұмыстарға 1802 адам (110 096 тг.),
— Жастар бағдарламасы 2251 адам (117 096 тг),
— Алғашқы жұмыс орындары 1531 адам (117 096 тг),
— Кәсіптік оқыту 2388 адам (75 640 тг),
— Гранттарға 330 адам (1 572 800 тг),
— Күміс жас жобасы 1068 адам (117 096 тг),
— Әлеуметтік жұмыс орындары 100 адам (94 368 тг).
Сонымен қатар, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жалпы 5 624,7 млн теңге 8 306 (41 530 адам) отбасын қамтуға жоспарланған.
— Қала бюджетін жоспарлау кезінде мүгедектігі бар азаматтарды қолдау басым бағыттардың бірі ретінде қарастырыла ма?
— Биыл мүгедектігі бар азаматтарға қолдау шараларын көрсету мақсатында жергілікті бюджеттен – 14 897,3 млн теңге қарастырылған. Қазіргі таңда, Шымкент қаласында 42 702 мүгедектігі бар азамат тіркелген, оның ішінде:
— бірінші топтағы мүгедектер – 4 883;
— екінші топтағы мүгедектер – 15 5582;
— үшінші топтағы мүгедектер – 13 889;
— 18 жасқа дейінгі 8 348 мүгедек балалар тіркелген.
Мүгедектігі бар азаматтарға оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 47 924 өтінім келіп түсіп, бүгінгі таңға 37 254 (77,8%) қамтамасыз етілді.
Атап айтқанда:
— протездік-ортопедиялық көмек құралдарына 8 430 өтініш қабылданып, 5 304 құралмен қамтылды (63%);
— сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға 20 536 өтініш қабылданып, 17 834 құралмен қамтылды (86,8%);
— мүгедектерге арналған қоларба құралдарына 1 283 өтініш қабылданып, 1 123 құралмен қамтылды (87,6%);
— жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 988 азамат мұқтаж болса 2 954 азаматқа қызмет көрсетілді (98,7%);
— 14 687 азаматтан шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер қабылданып, 10 039 азамат қамтылды (68,4%).

-Ерекше жандарға арналған инфрақұрылым (пандус, арнайы көлік, реабилитациялық орталық) салуға бөлінген қаржы көлемі қанша?
-Биыл 277 нысанды бейімдеуден өткізу іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінгі таңға 50 нысан бейімдеуден өткен.
Сонымен қатар, мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватакси» 38 көлігіне 371 өтініш қабылданып, қызмет көрсетілуде,бюджеттен 242,0 млн. теңге қарастырылған.
«Шымкент қаласындағы 150 орынға арналған мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығының құрылысы» нысан бойынша біріңғай жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың (оң) қорытындысы алынды. Жоба құны — 14 244,2 млн теңге.
Оңалту орталығының құрылысына республикалық бюджеттің нысаналы трансферт есебінен 2025 жылға 5 375 млн теңге қарастырылды. 2026 жылға құрылысын жалғастыруға 4 625 млн теңге қарастыру болжануда.
Қалада 42 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде оңалту шараларын қажет ететін 5 220 азамат бар.
Аталған 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығы іске қосылғанда жылына 1800 мүмкіндігі шектеулі азамат қамтылатын болады. 3 жыл ішінде 5220 адам оңалту шараларымен толық қамтылып, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары қорғалатын болады.

Сұхбаттасқан Олжас Әбдіхалық

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда