jasqazaq.kz

Ерекше білім беруді қажет ететін баланы қоғамға бейімдеу – өзекті міндет

25 тамыз, 14:45

Елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білім алып, толыққанды толыққанды өмір сүруі үшін жан-жақты қолдау көрсетіледі. Шымкент қаласындағы Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК) осындай бағытта жұмыс істейді. Шымкент қаласы ППТК директорының міндетін уақытша атқарушы Әйгерім Алтековамен Jas Qazaq тілшісіне осы кабинеттердің жұмысы туралы айтып берді.

– Балалардың психологиялық саулығын нығайту үшін қандай қолдау көрсетіледі?
– Әр баланың эмоционалдық жай-күйі ескеріледі. Жеке даму бағдарламасы арқылы олардың өз-өзіне сенімділігі артып, психологиялық тұрақтылығы қалыптасады. Музыкалық терапия, топтық сабақтар, мерекелік іс-шаралар балаларға қолдау көрсетудің тиімді жолдары болып отыр. Сонымен бірге ата-аналарға тұрақты кеңес беріп, баланың күйзеліске түспеуіне ықпал етеміз.
– Ата-аналарға қандай тренингтер мен кеңестер өткізіледі?
– Біріншіден, «Ана жүрегі» атты психологиялық тренингтер арқылы ата-аналарға бала тәрбиесінде дұрыс қарым-қатынас орнату, күйзелісті еңсеру жолдары түсіндіріледі.Екіншіден, дефектолог пен логопед мамандар сөйлеу, ойлау, қозғалыс дағдыларын дамыту бойынша практикалық кеңес береді.Үшіншіден, «Балаға мейірім – қоғамға игілік» атты семинарлар мен дөңгелек үстелдер ата-аналарға тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасайды.Төртіншіден, инклюзивті білім беру жүйесі мен бала құқықтары жөніндегі «Әр балаға тең мүмкіндік» семинарлары ата-аналардың сенімін нығайтады. Жалпы, мұндай тренингтер мен кеңестер ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын көтеруге, баласының даму ерекшеліктерін дұрыс қабылдап, қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
– Балалардың мектепке және қоғамға бейімделуі үшін қандай жобалар бар?
– Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың мектепке және қоғамға бейімделуі үшін мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда және қоғамға бейімдеу мәселесі кешенді шешімдермен қарастырылған.
Біріншіден, инклюзивті білім беруді дамыту бағдарламасы аясында жалпы білім беру мектептерінде инклюзивті сыныптар ашылып, балалардың қатарластарымен бірге оқуына мүмкіндік жасалуда. Бұл бағытта психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеттері жұмыс істейді.
Екіншіден, жергілікті деңгейде әлеуметтік бейімдеуге бағытталған жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, шығармашылық үйірмелер, спорттық секциялар және мәдени шараларға ерекше балаларды тарту арқылы олардың әлеуметтенуіне жағдай жасалады.
Үшіншіден, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорлар тарапынан арнайы бағдарламалар жүзеге асырылады. Олар ата-аналарға кеңес беру, балалардың әлеуетін ашу, әлеуметтік ортаға бейімдеу бағытында қолдау көрсетеді.
Төртіншіден, «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мектептер мен қоғамдық орындарда кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл балалардың қоғамға еркін араласуына мүмкіндік береді.

Олжас Әбіхалық

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда