jasqazaq.kz

Ерекше балаларға қолдау – қоғамға жасалған қамқорлық

25 тамыз 2025, 14:44

Қоғамның болашағы – әрбір баланың бақытты өмір сүруінде. Әсіресе, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көрсетілер көмек олардың дамуына, әлеуметтенуіне және толыққанды өмір сүруіне ықпал етеді. Осы бағытта Шымкент қаласында жұмыс істейтін Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің (ППТК) рөлі ерекше. Jas Qazaq тілшісі Шымкент қаласы ППТК директорының міндетін уақытша атқарушы Әйгерім Алтековамен дәл сол мақсатта тілдесті.

– Әйгерім Ғалымжанқызы, бүгінде Шымкент қаласында қанша бала ППТК қызметіне жүгініп отыр? Олардың негізгі санаттары қандай?
– Қазіргі таңда Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 460 ерекше білім беруді қажет ететін бала түзету-дамыту сабақтарын алуда. Оның ішінде психикалық дамуы тежелгендер, сөйлеу қабілеті, есту қабілеті, көру қабілеті бұзылған балалар, сондай-ақ мінез-құлық ерекшелігі, интеллект дамуында ауытқуы, әлеуметтік қарым-қатынас пен өзара әрекеттесуде қиындықтары бар балалар қамтылған. Сонымен қатар ДЦП диагнозы қойылған және эмоционалдық, коммуникативті дамуы кешеуілдеген балалар да бар.
– Ерекше балаларға ППТК қандай қызмет түрлерін көрсетеді?
— Оқу-ағарту министрінің №385 бұйрығына сәйкес, туғаннан 18 жасқа дейінгі психофизикалық дамуында бұзылысы бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеміз. Қызметіміздің негізгі бағыттары – командалық бағалау, жеке даму бағдарламасын әзірлеу, психофизикалық диагностика жүргізу, түзету-дамыту сабақтарын ұйымдастыру. Сабақтар жеке, шағын топтық немесе топтық форматта өтеді. Сонымен қатар ата-аналармен жұмыс жүргізіліп, кеңес беріледі, мерекелік іс-шаралар арқылы балалардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға жағдай жасалады.
– Мамандар жеткілікті ме? Кадрлық тапшылық байқала ма?
– Қазіргі таңда психолог, дефектолог және логопед мамандарымен қамтамасыз ету деңгейі жеткілікті. Кадрлық әлеует қалыптасқан деуге болады. Дегенмен бұл бағыттағы жұмысты жетілдіру үшін 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және 2023–2029 өңірлік жол картасы аясында мамандардың кәсіби деңгейін арттыру жалғасуда.
– Жұмыста қандай инновациялық әдістер қолданылады?
– Біздің түзету сабақтарында командалық бағалау негізінде әзірленген Жеке даму бағдарламалары қолданылады. Сонымен бірге музыкалық терапия, әдістемелік байланыс, тақырыптық мерекелер арқылы балалардың эмоционалды және әлеуметтік дамуына ықпал етеміз. Ата-аналармен бірлесе отырып коучинг, тренингтер ұйымдастырамыз. Қажет жағдайда онлайн форматтағы түзету курстарын да өткіземіз.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр