jasqazaq.kz

Ерекше балаға ерекше қамқорлық жасайтын орталық

22 тамыз, 14:17


Шымкенттегі №8 «Қамқорлық» орталығы ерекше қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік, педагогикалық, медициналық, тұрмыстық, құқықтық, экономикалық бағыттарда қызмет көрсетеді. Шымкент қаласының тұрғыны Сәуле Әділбаева орталық ашылғалы бері 9 жасар немересін осында әкеледі екен. Төрт жылдан бері баласының бойында нәтиже де жоқ емес. Бұйрықты түсініп, орындайтын болыпты. Әйтеуір, орталық қызметкерлеріне дән риза.
«Немереме 2 жасында аутизм диагнозы қойылды. Оған дейін ешқандай белгі берілген жоқ. Қазір ЗПР, сенсомоторлық алалия, аутизм сияқты үш диагнозымен отыр. Бұл жерде жоғары білікті логопед, дефектологтар бар. Сол мамандардың бәріне кіріп, сабағын алып шығады. Аллаға шүкір, ақырындап ем қонып келеді. Алғашқы кездегіден әжептәуір өзгеріс байқалады. Қазір балам сөз тыңдайды, команданы орындайды. Тамағын өзі ішіп, дәретханаға өзі барады. Менің баламда тек қана сөз жоқ, менің сөзімді ғана қайталайды, өзіне қажеттіні сұрамайды.
Бұдан басқа да жеке түзету орталықтарына барамыз. Бірінші «Ризамедке» алып барып, диагнозды қойдырдым. Сосын Астанадағы «Ана мен бала» орталығына алып барып, 24 күн кешенді ем қабылдадық. Кейін үш жыл қатарынан сол жерге апардым. «Асыл мирас», «Қарлығаш» емдеу-сауықтыру орталықтарына да тасыдым.
Мен сияқты аутист баласы бар ата-аналарға айтарым, балаларын мүмкіндігінше осындай орталықтардан қалдырмай апарсын. Себебі көп ата-ана бір жерге шамалы ғана апарады да, ол жерден нәтиже болмады деп екінші жерге апарады. Екінші жерден үшінші жерге апарады. Нәтиже болуы үшін уақыт керек. Біздің балаларға тек қана уақыт қажет! Уақыт өзі ақырындап нәтижеге алып келеді. Осы неге? Мысалы, менің балам айтып отырмын ғой, қазір команданы тыңдайды, тамақты өзі ішеді, өзі дәретханаға барады.


Біздің балаларымыз да көзді ашып-жұмғанша өсіп қалады. Уақытты тоқтата алмайсың. Олар 18 жастан кейін айналысатын орталық керек. Қандай да бір мамандықты меңгеріп, тым болмағанда қолымен еңбектеніп, келешекте сол арқылы нәпақасын айыратын, наны мен майын тауып жейтін жағдайға жеткенін армандаймыз. 18 жастан кейін де өзін-өзі дамытуына жағдай жасалса дейміз. Өйткені біз балаларымыздан бұрын кетеміз. Сонда туған-туысқа масыл болмаса деген ниет қой. Қазіргі мақсат – 18 жастан кейін үлкен бір жұмыс болмаса да, қолынан келетін істі істеуге себеп болатын жалғастырушы құрылым ашу. Ол үйде отырып жабайыланып кетпес үшін керек.
18 жасқа дейінгі және кейінгі аутисты бірге ұстау мүмкін емес. Үлкені кішісін басып кетуі мүмкін. 18-ге дейін адам қатарына қосылып кететін жағдай болса қуанамыз ғой. Өзім немеремді жетектеп жүргеніме 7 жыл болды. «Қамқорлық» сияқты орталықтар көбірек болса деп армандаймыз. Себебі аутист баланың саны күн санап артып келеді», — дейді.

Мөлдір Кенжебай,
Шымкент қаласы

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда