Ерболат Мұхамеджан: Грант санын азайту керек

07 тамыз 2023, 11:13

Журналист Ерболат Мұхамеджан грант санын көбейтумен білім сапасы жоғарыламайтынын, керісінше төмендейтінін айтты.

Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

«94 мың оқушы грантқа тапсырды. Ал бөлінген грант саны 73 мың. Бәсеке мүлдем жоқ. 1 грантқа 1,5 мектеп түлгегі таласқан. Менің ойымша Президентке дұрыс ұсыныс берілмейді. Немесе Президентке жалған ақпарат беріледі. Осындай қате ұсыныстың арқасында жақсы оқитын да, үлгерімі нашар да грантқа ие болады. Нәтижесінде университеттер түсініксіз жағдайда қалады», — дейді ол.

Оның айтуынша, мәселені шешудің ең оңтайлы жолы — грант санын азайту.

«Ал енді мәселені шешудің дұрыс жолы бар. Яғни білім сапасын реттеудің. Оны осыған дейін бірнеше рет айттық.

Біріншіден, грант санын азайтып, ал артылған сомаға гранттың құнын өсіруіміз керек. Себебі, жыл сайын гранттың санын өсіргеннен білімнің сапасы жоғарыламайды. Керісінше ертең мықты университеттер грантқа түсудің шекті балын өсіреді, нәтижесінде ұлттық және мемлекеттік университеттердегі білім сапасы одан сайын нашарлап, жағдайлары қиындай түседі.

Екіншіден, министрлік ғалымдарды тікелей қаржыландыруды қолға алу керек. Себебі, гранттық қаржыландыру арқылы керісінше коррупциялық риск бар. Сонымен қатар ол өз нәтижесін бермейді. Егер университеттегң мықты ғалымдарды тікелей қаржыландырса жауапкершілікті арттыруға болар еді», — деп жазды ол.

Желі қолданушыларының басым бөлігі журналистің бұл пікірімен келіспейтінін жазуда.

«Керісінше қалған 21 мың балаға да грант бөлінсін. Тегін оқысын балалар. «Байдың малын байғұс қызғанады әңгімесі болды-ау. Грант ешқандай да көп емес. Әлде де көбейту керек. «Қазақтың балдары тегін оқыса оның зияны жоқ деп ойлаймын», — деп жазды олар.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады