Ерболат Досаев: Мектептегі орын тапшылығы оңтайлы шешіледі

31 мамыр 2023, 11:58

Алматы қаласындағы мектептерде орын тапшылығын жою – білім саласындағы басты міндеттің бірі. Осы орайда қала әкімдігі тарапынан бірталай шаруа қолға алынып, ойдағылай жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы Шаһар басшысы Ерболат Досаев әр аудан тұрғындарымен есептік жиын өткізген кезде үнемі айтып өтеді. Мәселен, осы аптадағы Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуде Ерболат Досаев осы аудандағы мектептерде орын тапшылығы салыстырмалы түрде қолайлы екенін атап өтті. Қазіргі мәлімет бойынша, Жетісу ауданындағы мектептердегі тапшылық — 3000 орын.

Шаһардың өзге аудандары секілді, Жетісуда да көп пәтерлі тұрғын үйлер көптеп салынып жатыр. Демек жаңа тұрғын үйлер бой көтергенде, ол жерде балабақша, мектеп, емхана сынды әлеуметтік нысандарға да сұраныс күрт артып, қажеттілігі сезіле бастайды. Осыны есепке алып, биыл Жетісу ауданының Боралдай көшесінде 1200 балаға арналған зәулім мектеп салынады. Бұл білім ошағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтереді. Мұндай ақжолтай ақпаратты Жетісу ауданының тұрғындарына қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып келеді. Жоба мектептердегі орын тапшылығын азайтып, апатты жағдайда тұрған және үш ауысыммен оқитын мектептердің мәселесін түбегейлі шешу үшін қолға алынып отыр. Ұлттық жоба аясында 2023-2025 жылдар аралығында еліміз бойынша 401 мектеп салыну жоспарланып қойды. Жайлы мектептің басқа білім ошақтарынан өзіндік айырмашылығы болады. Ең алдымен бірыңғай стандарттар бойынша жобаланып, арнайы пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныптар, зертхана мен шеберхана салынып, арнайы құрал-жабдықтармен қамтылады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жетісу ауданында бой көтеретін мектептің өзіндік ерекшеліктері де көп болмақ. Мектеп оқушылары сөмкесінің ауырлығы жиі көтерілетін тақырып еді, әлі де өзектілігін жойған жоқ. Жетісу ауданында салынатын мектепте оқушылардың заттары мен оқулықтарын салып қоятын арнайы сөре де болады. Жетісу ауданында салынатын жайлы мектепте оқушылардың сабақ оқуына барлық жағдай жасалады. Білім алушылар трансформер-партада отырып оқиды, ауыз су фонтандары да болады. Әр қабатта оқушылар отырып тынығып алатын алаңы да қарастырылады. Міне, осындай ұлттық жобаның аясында салынатын бір мектепте алдағы уақытта Жетісу ауданының оқушылары білім алады.

Аудан тұрғындарымен кездесуде қала әкімі: «Қазір 148, 103 және 112 мектептерде 750 орындық қосымша құрылыс салу жұмыстары жүріп жатыр. 148-ші мектепке 300 орындық қосымша ғимараттың құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынды, ол 2023 жылдың ІІІ тоқсанында аяқталады. Ал биылғы маусым айында Айнабұлақ шағын ауданындағы 160 орындық балабақшаның құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр, ол да мерзімінде аяқталады», — деді.

Біз Алматы қаласындағы №148 мектеп-гимназиясының директоры Кәмшат Қасымоваға хабарастық. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен салынып жатқан қосалқы ғимарат сыныптардың көбеюіне айтарлықтай септігін тигізетінін айта келе, ол: «Биыл біздің білім ошағына яғни №148 мектеп-гимназияға қосымша салынып жатқан жапсарлас ғимарат құрылысы аяқталады. Бүгінгі таңда гимназияда 2048 оқушы екі ауысыммен білім алып жүр. Оқушылар 78 оқу кабинетінде білім алады. Жаңадан салынатын жапсарлас ғимаратта 17 сыныптан тұратын оқу кабинеттері болады. Жаңа ғимаратта 300 балаға орын ашылады. Осылайша келесі оқу жылында Жетісу ауданы бойынша оқушы орындарына деген қажеттілік мәселесі едәуір шешіледі», – деді.

Қуаныш Рахмет

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?