Энергетика министрлігі: Сарқылған кен орындары көбейген

13 қыркүйек 2023, 16:57

Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов бүгін палата отырысында бірінші оқылымда мақұлданған жер қойнауын пайдалану саласын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу заң жобасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inform.kz.
«Осы құжатта қамтылған толықтырулардың басты мақсаты – еліміздегі минералды ресурстардың базасын көбейту. Бұл тұрғыда инвестиция тартуға екпін қойылып отыр. Екіншіден, жер қойнауын барлау кезінде болуы мүмкін бюрократиялық тосқауылдарды жоюға назар аударылды. Барлық сараптамалардың мерзімі 8-12 айға дейін қысқартылды. Бұрын бұл рәсімдер үш жылға дейін созылатын. Жалпы, еліміздің геологиялық қорды көбейтуге мүмкіндік жасалады», — деді Д. Тұрғанов Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Өз кезегінде Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов еліміздегі сарқылған кен орындары көбейгенін, қазір олар шамамен 80 пайызға жеткенін айтты.

«Олардың көбі 1960 жылдан бері ашылған кен орындары. Тәуелсіздік жылдарында 1 млрд 900 млн тонна мұнай өндірілді. Сондықтан сарқылған кен орындарының жұмысын жандандыру үшін жаңадан ынталандыру тетігін енгізу қажет. Бұл ретте аталған заң жобасында тиісті қадамдар ескерілген. Құжат геологиялық барлау жұмыстарына бағытталған. Минералдардың ресурстық базасын кеңейту аясында жыл сайын шамамен 200 млрд теңге инвестиция бағыттауды қарастырып отырмыз», — деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы бес жылда елімізде мұнай өндіру деңгейі артады.

Сонымен қатар Асхат Хасенов биыл Қазақстанда мұнай өндіру көлемі біршама азаюы мүмкін екенін айтты.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді