Энергетика министрі жұмыс сапарымен Алматыға келді

03 қараша 2023, 11:20


Алматы қаласындағы №2 жылу электр орталығы 2026 жылы газға көшіріледі, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді.
Сапар барысында «Алматы электр станциялары» АҚ №2 ЖЭО және «Алматыжылужайэнерго» ЖШС Орбита қазандығының жұмысымен танысты.

№2 жылу электр орталығында министр әкімдік, «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерінің қатысуымен жылыту кезеңі жөніндегі үйлестіру штабының кеңесін өткізді.

ЖЭО өкілдері EPC газға ауыстыратын мердігер анықталғанын, жұмыс басталғанын хабарлады.
Белсенді кезең 2024 жылы басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.

Сондай-ақ, екінші ЖЭО-да №3 қазандық пен №1,2 турбиналарға күрделі жөндеу жұмыстары жасалып біткен.
№ 5 қазандықты күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Жалпы «Алматы электр станциялары» АҚ бойынша жөндеу науқаны қараша айының соңында аяқталады. Күзгі-қысқы жағдайда жұмысқа дайындық паспорты алынған.

JQ-Aqparat

Фото: kursiv.kz

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу