jasqazaq.kz

Енді зейнетақы автоматты түрде тағайындалмақ

29 шiлде 2025, 11:47

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин зейнетақы рәсімдеу процесін цифрландыру бойынша пилоттық жоба нәтижелері туралы айтып берді. 

Оның айтуынша, бұрын зейнетақы тағайындау процесі күрделі және азаматтардың жеке қатысуын талап ететін. Төлемдерді алу үшін өтініш беру, құжаттарды жинау және жұмыс тәжірибесін растау қажет болды. Қағаз деректерін өңдеу кідірістер мен кезек тудырды және зейнетақыны қолмен есептеу кезінде қателер қаупін арттырды.

— Бүгінде пилоттық режимде принципті жаңа тәсіл енгізілді. Жасы бойынша скоринг негізінде жүйе зейнетақы ісін автоматты түрде қалыптастырады, еңбек өтілі туралы мәліметтерді тексереді және азамат тарапынан өтініш жасамай-ақ төлемдерді проактивті тағайындайды, — Қаныш Төлеушин бүгінгі Үкімет отырысында.

Трансформация қызмет көрсету мерзімін 10 күннен 1 күнге дейін қысқартуға, процедуралық қадамдар санын 6-дан 1-ге дейін қысқартуға және азаматтар үшін процесті айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берген.

kaz.inform.kz

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді