jasqazaq.kz

Қош бол, алатаяқ!

29 желтоқсан 2016, 12:42

 

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі істер органдарының қызметкерлері көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқшаларды қолданбайтын болады, деп хабарлады  ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі. «Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты халықаралық тәжірибемен танысып, зерттеген болатын. Қазіргі уақытта, бірқатар еуропалық елдерде жол полициясы көлікті тоқтатарда арнайы таяқшаны (жезл) қолданбайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің ішкі істер органдарының қызметкерлері де көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайтын болады», — деп атап өтті министрліктен. Мәлім болғандай, ендігіде полицейлер көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, «Тоқта!» деген белгі береді және сонымен бірге, ысқырықты немесе арнайы дыбыс күшейткіш және жарық беретін құралдарды қолданады. Жол ережесін бұзушылар сондай-ақ автопатрульмен тоқтатылатын болады. «Жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін бейнекамералар, сонымен бірге ішкі істер органдарының бейне тіркеуіштері қолданылады», — деп түсіндірді ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

ҚазАқпарат

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті