Енді елге қайтпаймын деген Мағауин кімге, неге өкпелі?

06 қантар, 20:46

Қазіргі қазақ құрмет тұтатын ақсақал қаламгерлеріміздің бірі, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин Түркияның төрінде отырып, қазақстандық журналистке сұхбат беріпті. Ол «Халық үні» ютуб-арнасында көрсетілді.

Мағауин Түркияға АҚШ-тан өткен жылдың күзінде қоныс аударған болатын. Оның алдында АҚШ-тағы Мэриленд штатының Роквилл қаласында біраз жыл тұрды. Жалпы, жазушы ағамыз шет елге, яғни Чехияға 2007 жылы кеткен еді. Осы елдің астанасы – Прагада алты жылдай тұрып, сосын Карловы Вары қаласына қоныс аударды. Содан үш жылдан кейін ұлы Едігемен бірге Құрама Штаттарға көшеді. Яғни Мұхтар ағамыздың өзі айтқандай, ол соңғы 17 жылдай уақыт бойы жат жұртта Едіге қайда жүрсе сонда жүр.

Енді, міне, әнші, саясаткер Бекболат Тілеухан сияқты Түркияда сұхбат беріп отыр. Онда ақсақал небір әңгіме айтты ғой. Қазір әлеуметтік желідегі жұрт бұл сұхбат төңірегінде қырықпышақ болып жатыр.
Ал біздің назарымызды қатты аудартқан жері – журналистің соңына қарай қойған «Елге қайтасыз ба?» деген сұрағына бірден «Жоқ, бармаймын» деп кесіп айтқаны. Мұндайда «неге?» деген сұрақтың туындайтыны бар ғой. Жазушының оған да уәжі дайын.

«Шет елде бір жыл тұрып үйренген адам қайтқысы келмейді. Өйткені біздің қоғам – орыс қоғамы. Отаршылдықтың зардабы әлі күнге тұр. Сен көшеде еркін жүре алмайсың ең аяғы. Барлық уақытта бөгесін кездеседі. Айттым ғой мен жаңалық аштым деп. Неге менің кейіпкерімді жек көрді? Менің ұнамды кейіпкерімді, жас жігіт, дарынды жігіт, ақылды жігіт, сол жігітті неге жек көрді? Өйткені ол совет адамы емес екен. Ал кейіпкер менің өзім бойынша жасалған. Мен де совет адамы емеспін. Сол себепті сөлекет болып көрініп тұрады. Отырған отырысың, жүрген жүрісің, сөйлеген сөзің, адамдармен қатынасың – бәрі сөлекет болып көрінеді. Сосын жек көреді сені. Совет адамы емессің сен. Ал енді біздің орта оңалатын шығар, түзелетін шығар. Жастар өсіп келе жатыр. Бірақ оңалуы қиын», – дейді сөзінде «мені» көп ақсақалымыз.
Бірақ қазіргі Қазақстанда жағдай тура Мағауин айтқандай емес қой. Мұның үстіне оның елде шындықты айтатын шығармалар жазуына біреулер мүмкіндік бермей қойды деп айта алмаймыз. Мысалы, шет елде жазған «Жармақ» романы мен «Шыңғыс хан» тарихи хикаясын осында жүріп жазса, оған ешкім қой демес еді.

Сосын Қазақстанның көшесінде еркін жүре алмайтынын айтыпты. Білмеймін, біз деген Алматыда емін-еркін, аяғымызды алшаң басып-ақ жүрміз. Басқалар да солай.
Ал қаламгер әйтеуір өкпесі барын жеткізіпті. Алайда «Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа» дегенге сайсақ, ақсақал өзін қадірлейтін, шығармаларын сүйіп оқитын қазақ елімен ат құйрығын кесіспесе игі ғой.

Оразәлі БАЙМҰРАТ

Фото: magauin.com

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу