jasqazaq.kz

Еңбектенуге ұмтылған ерекше жандарға – нақты қолдау

05 тамыз, 12:29

Қазіргі қоғамда мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтеніп, белсенді өмір сүруі үшін жағдай жасау — мемлекет алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Бұл бағытта еліміздің ірі мегаполисі — Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы Еңбек мобильділігі орталығы мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбек нарығына бейімдеу және тұрақты жұмысқа орналастыру бағытында нақты қадамдар жасап келеді.

2025 жылға дейін қалада 1 120 мүгедектігі бар азаматты жұмыспен қамту көзделген. Биылғы 22 сәуірдегі ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде 314 ерекше қажеттілігі бар адам орталықтың қолдауымен түрлі бағыттағы жұмыспен қамту шараларына тартылған.

Мәселен, 132 азамат тұрақты жұмыс орындарына жолданған, 8 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан, 9 жас «Жастар практикасы» жобасына қатысуда, 93 адам қоғамдық жұмыс орындарында еңбек етуде, 1 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жұмысқа қабылданған, 11 азамат «Күміс жас» жобасы арқылы еңбекке тартылған, 60 адам «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне онлайн оқып жатыр.

Осындай қолдаудың нақты мысалы ретінде Шымкент қаласының тұрғыны Хасан Казахбаевты атауға болады. Еңбекке қабілетті, денсаулығында шектеуі бар азамат Қаратау ауданы әкімдігіне қарасты «Каратау» КММ-не қоршаған ортаны тазалаушы ретінде жұмысқа орналасқан. Ол Еңбек мобильділігі орталығының аудандық мансап орталығынан жолдама алған. Бүгінде әріптестері Хасан ағайды жұмысын тиянақты атқаратын, жауапты қызметкер ретінде жоғары бағалайды.

Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыруды жүйелеу мақсатында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қаулысымен 60 мекемеде 200 арнайы жұмыс орнына квота бекітілген. Қазіргі таңда осы квота шеңберінде 31 азамат тұрақты қызметке орналасып үлгерген.

Орталықтың негізгі мақсаты — мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын арттырып қана қоймай, оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде еңбекке тарту. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Фото: inform.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда