jasqazaq.kz

Еңбекқор ұлт қалыптастыру – әрбір азаматтың саналы әрекетімен жүзеге асады

31 шiлде, 22:51

Абай Құнанбайұлы – өз дәуірінің ұлы ойшылы ғана емес, сонымен қатар еңбек пен іскерлікке үндеген, еңбекқорлықтың жаршысы болған тұлға. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ақынның осы қырына ерекше тоқталады. Президент: «Ақын үнемі уайымсыздық пен салғырттықтан арылып, сергек әрі саналы өмір сүруге үндейді. Ол адамның болмысын еңбекпен шыңдап отыру керек екенін насихаттайды. Сонымен қатар, орынды әрекет пен пайдалы істің уайым-қайғыны жеңетінін дәлелдеп, масылдықпен күрестің терең психологиялық астарына бойлайды. Бүгінде кең таралған эмоционалды интеллект ұғымын Абай өз заманында-ақ меңгеріп, оны шығармаларында көрсете білді. Ол мақтан мен жалқаулықтан арылып, қайратпен еңбек етуге, талаппен білім іздеуге шақырған», – деп атап өткен еді.

Президент осы арқылы ел азаматтарын арқа сүйеушілік пен масылдықтан арылып, еңбекке адал көзқараспен қарауға үндеді. Бүгінде бұл бағытта елімізде бірқатар нақты шаралар қолға алынған. Халықты еңбекке баулу мен оларды жұмыспен қамту мәселесі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Себебі, азаматқа «екі қолға бір күрек» табу – ол тек күнкөріс мәселесін шешу ғана емес, сонымен қатар мотивацияны арттырып, адамды өз-өзіне сенуге жетелейді.

Қарқынды дамып келе жатқан Шымкент қаласында да жұмыссыздықпен күрес мәселесі ерекше маңызға ие. Ел ішінде «Шымкенттің халқы еңбекқор, пысық» деген пікір жиі айтылады. Расымен, оңтүстік өңірдің тұрғындарына еңбекке деген бейімділік тән. Алайда, бұған қарамастан, жұмыссыз жүрген азаматтар да баршылық. Осындай жандарды еңбек нарығына қайта қосу мақсатында қалада кешенді, жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

Жуырда Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өмірсейітқызы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша Еңбек мобильділігі орталығының есебін жария етті. Жиын барысында мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, тұрақты жұмыс орындарының құрылуы және ұлттық жобалар шеңберінде қолға алынған бастамалар кеңінен талқыланды.

Атап айтқанда, субсидияланатын жұмыс орындары арқылы бірқатар нәтижелерге қол жеткізілген. Мәселен, «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 596 жас маман жұмыспен қамтылды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы 131 жасқа еңбек жолын бастауға мүмкіндік берілді. Ал «Күміс жас» жобасы аясында 352 адам жұмысқа орналастырылды. Бұдан бөлек, тұрақты жұмыс орындарына жолданған азаматтар саны 6016-ға жеткен.

Жанат Өмірсейітқызы ерекше әлеуметтік санаттағы азаматтарды да назардан тыс қалдырмады. Оның айтуынша, жыл басынан бері мүгедектігі бар 67 адам және пробация есебінде тұрған 22 азамат жұмысқа орналасқан. Бұл – жұмыспен қамтудың инклюзивті тәсілдермен жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Басқарма басшысы алдағы уақытта да халықты жұмыспен қамту бағытындағы шараларды күшейту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыс берушілермен бірлескен әрекет арқылы туындайтын кедергілерді шешуге дайын екенін жеткізді.

Мұның барлығы қоғамдағы еңбек мәдениетін нығайтуға, масылдық психологиядан арылуға бағытталған маңызды бастамалар екені анық. Абай армандаған, Тоқаев үндеген еңбекқор ұлт қалыптастыру – әрбір азаматтың саналы әрекетімен жүзеге аспақ.

Фото: kazgazeta.kz

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті