jasqazaq.kz

Эльвира Әзімова: Конституциялық комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс түсті

26 қантар, 12:45

Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысы болып жатыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz. Бүгінгі жиын конституциялық реформаға байланысты түскен ұсыныстарды талқылауға арналды.

Ашықтық пен жариялылық мақсатында талқылаудың барлық кезеңі тікелей эфирде көрсетілуде.

Отырыс модераторы, Конституциялық Соттың төрайымы Эльвира Әзімова комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс түскенін, олардың барлығы біртұтас жинақталған кестеге топтастырылғанын айтты.

Эльвира Әзімова: «Мұндай диалог форматы реформаның негізгі қағидатын көрсетеді: конституциялық реформа ең алдымен халықтың мүддесі үшін және оның тікелей қатысуымен жүргізіледі», — деді.

JQ-Aqparat

Сурет: Конституциялық сот

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге