Ұлттық спорт неге насихатталмайды?

25 сәуiр 2017, 15:03

Бүгін Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Отырыстан соң Астанадағы тілішіміз Айбарша Жақсылық мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру ісі комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовтан ұлттық спорттың жайын сұраған едік.

 – Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында көптеген шаруалар атқарылуда. Әлі де ерекше көңіл бөлу қажет. Жастарды патриот ретінде тәрбиелеуде ұлттық спорттың орны ерекше. Қазақстанда республикалық деңгейде ұлттық спортты дамытатын бір орталық керек деп айтып жүретінбіз. Сол республикалық деңгейдегі ұлттық спортты дамыту орталығын Астана қаласында ашып, оны «Қазанат» ипподромына орналастырдық. Республикалық деңгейдегі әрбір ұлттық спорт түрлерінің мамандары отырып, ұлттық спортты дамыту үшін бағдарламалар жасайды. Әр спорт түрінің өзінің бағдарламасы бар. Сол бағдарламалар жасалу қажет. Ұлттық спорттың ережелерін тағы да қарап, толықтырулар енгізу және спорт түрлерін қалай дамыту, қай деңгейде жұмыс жасауымыз керек болады. Сонымен жұмыс жасайтын болады.

– Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болса да, әлі де қарастыруымыз керек деп жүрміз ба?

– Жоқ, олай деуге болмайды. Мәселен, нақты атқарылған шараларға тоқталсақ. Ауылдық, облыстық деңгейде көптеген ұлттық спорт мектептері бар. Биыл «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде көптеген ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді. Елбасымыздың жүлдесіне арналған бәйге түрінен республикалық жарыс, аударыспақтан әлем кубогі, жамбы атудан халықаралық жарыс, көкпардан әлем чемпионаты өтеді. Ұлттық спорттың деңгейінің өскенін – Әлем чемпионаттарының өтіп жатқандығынан көруге болады. Әрбір ұлттық спорт түрінен халықаралық деңгейге шығу деген көптеген еңбектің атқарылғандығының белгісі. Мәселен, тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты, Азия чемпионаты, Еуропа чемпионаттары өтеді. Көкпардан әлем чемпионаты биыл болады. Қазақ күресінен әлем чемпионаты, Азия чемпиоанттары, құрлық чемпионаттары өтіп жатыр. Осының барлығы – ұлттық спорттың халықаралық деңгейге шыққанының көрінісі. Қазақстанда аударыспақтан Азия чемпионатын өткіздік. Енді әлем кубогін өткізбекшіміз. Шынын айтсақ, 10 жыл бұрын әлем чемпионаты түгіл халықаралық жарыстар өткізуге шамамыз келмейтін.

– Ұлттық спортты дамыту орталығы қалай қаржыландырылады?

– Республикалық деңгейдегі ұлттық спортты дамыту орталығы министрлік арқылы бюджеттен қаржыландырылады. 2017 жылға 100 миллионнан астам теңге бюджеттен бөлінеді. Қосымша спортты дамыту фонды арқылы да қаржы қарастырылып отыр. Мұндай қаржы бұрын ұлттық спортқа бөлінбейтін. Қазір соны бөліп жатырмыз.

– Отырыс барысында сенатор Жабал Ерғалиев ұлттық спортты насихаттаудағы кемшіліктерді айтты. Сіздің пікіріңіз?

– Әрине, ұлттық спорттың жарнамасы аз болып жатады. Әлем барысы, Қазақстан барысы телеарналардан көрсетіліп, жарнамасы жақсы жүреді. Алайда, кейбір өтіп жатқан ұлттық спорт түрлері жеткілікті насихатталмайды. Арнайы ақпарат министрлігіне спортты дамытуға қатысты ұсыныстарымызды айтып келеміз. Ұлттық спортқа ерекше көңіл бөлу  мәселесін әлі де көтеретін боламыз. Әрбір ұлттық спорттан өткен сайыстарды телеарналардан көрсетсе, деген тілегіміз бар. Осы бойынша нақты шаруалар жасайтын боламыз.

Әзірлеген Айбарша ЖАҚСЫЛЫҚ,

Астана қаласы

jasqazaq.kz

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?