jasqazaq.kz

Елордадан «Полярлық экспресс» пойызы алғашқы сапарына аттанды

16 желтоқсан, 17:38

Елордадан ерекше форматтағы мерекелік жоба — «Полярлық экспресс» пойызы алғашқы сапарына аттанды. Балалар мен ата-аналарға арналған бұл саяхаттың алғашқы рейсіне 300-ден астам жолаушы қатысты. Жаңа жылдық стильде безендірілген вагондар, жарқыраған шамдар мен әуендер пойыз ішін ертегі әлеміне айналдырды. Жоба «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен ұйымдастырушылардың ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылды.

✔️Жолаушылар үшін арнайы әзірленген ойын-сауық бағдарламасы ұсынылып, балаларға тәттілер мен естелік сыйлықтар табысталды. Олар сүйікті кейіпкерлердің қатысуымен өрбитін ертегілік қойылымды тамашалап қана қоймай, түрлі ойындарға, би флешмобтарына және интерактивті көріністерге белсене араласты. Кішкентай көрермендерді сабын көпіршіктері шоуы мен күтпеген қуанышты тосынсыйлар ерекше қуантты.

✔️«Полярлық экспресс» пойызында 15-тен астам ертегі әлемінің кейіпкері көрініс тапты. Аяз ата мен Ақшақардан бастап Поляршылар, Снежа, Шырша және Йетиге дейінгі кейіпкерлер балаларға шаттық сыйлады. Алайда кішкентай жолаушылардың ерекше ықыласына қазақ фольклорының сүйікті кейіпкері — Алдар Көсе бөленді. Ол балалармен бірге ұлттық «Асық ату» ойынын ойнап, дәстүрлі өнім құрттан ауыз тигізіп, мерекелік көңіл күйді ұлттық нақышпен толықтырды.

✔️Жол бойы пойыздың әр вагонында жолаушыларды ортақ ойынға тартқан шағын сахналық көріністер, көңілді сайыстар және ертегі әлемінің тілімен таныстыратын интерактивті бөлімдер ұйымдастырылды. Ал сапардың ең әсерлі сәті — Аяз ата мен Ақшақардың мерекелік сыйлықтарды таратқан кезі, балаларға ұмытылмас әсер сыйлады.

✔️Саяхат екі сағатқа созылады, одан кейін пойыз қайтадан бастапқы жөнелту орнына оралады. «Полярлық экспресс» Астана-1 станциясынан Тастақ станциясына дейін барып, кері бағытта қатынайды. Мерекелік рейстер 2025 жылғы 14, 16, 20, 21, 27, 28 және 29 желтоқсан күндері сағат 11:00-де, сондай-ақ 2026 жылғы 2 және 3 қаңтарда жүзеге асырылады.

Билеттерді сатып алу сұрақтары бойынша ұйымдастырушылардың Instagram желісіндегі @poezd_potter_kz парақшасына жүгінуге болады.

ҚТЖ баспасөз қызметі

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр