jasqazaq.kz

Елордада полиция есірткі таратумен айналысқан қала тұрғынын ұстады (Видео)

02 желтоқсан 2025, 14:52

Елордада полиция есірткі таратумен айналысқан қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Тексеру барысында ер адамның негізгі жұмысы қаржы саласына байланысты екені анықталды.

Ол елордалық кәсіпорындардың бірінде қаржыгер болып қызмет еткен. Алайда қосымша табыс табу ниетімен ол өзіне заңсыз қосымша жұмыс тапқан. Демалыс күндері күдікті автокөлік жалдап, интернет-дүкен арқылы түскен тапсырыстар бойынша есірткі жасырын қойып кетуші болып жұмыс жасап жүрген. Күдіктінің көлігін тінту кезінде изолентаға оралған 14 түйіншек табылды. Сондай-ақ оның қаладағы әртүрлі нүктелерге тағы 10 түйіншекті қойып үлгергені анықталды. Табылған кристалл тәрізді зат — альфа-PVP тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция есірткі таратуға, оның ішінде есірткіні жасырын қойып кетуші болып жасауға қатысу көбіне жеңіл табыс ретінде ұсынылғанымен, соңы ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

 

Polisia.kz

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді